⛅
1°C
Қонаев
Жексенбі, Наурыз 15, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    «Мерейлі отбасы» өз таңдауын жасады

    15.03.2026
    in Барлық жаңалықтар, Конституция, Құқық-заң, Референдум
    «Мерейлі отбасы» өз таңдауын жасады
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    15 наурыз – барша қазақстандықтар үшін ерекше есте қалатын күн. Себебі, бүгін халық болып жаңа Ата Заңымызды қабылдап, қоғамның қалыптасуы мен дамуына ықпал ететін басты құжатымызды заңдастыратын боламыз.
    Қарасай ауданының жұртшылығы бұл саяси науқанға айрықша қолдау танытуда. Сайлау учаскесіне ертемен келіп, өз таңдауларын білдіріп жатқандардың қатарында «Мерейлі отбасы –2025» байқауының жеңімпазы – Бекдайыр әулеті де бар. Республика бойынша жыл сайын өткізіліп келе жатқан байқауға облыс атынан қатысып, әр аймақтан іріктеліп келген 20 үміткердің ішінен оза шыққан бұл отбасы қандайда болсын құрметке лайық.
    Ұлтымыздың көне заманнан бері жалғасып келе жатқан қолөнерінің қыр-сырын бірнеше буыннан бері үзбей дамытып , ата-бабамыздан қалған құдылықтарымызды келер ұрпаққа жеткізген бұл отбасы – өнердің, еңбектің және берекенің жарқын үлгісі десе жарасады.
    Әулет басшысы Қоңыр Бекдайыр күміс әшекей жасау ісімен танылса, жұбайы Анаргүл ұлттық киім тігу өнерінде шеберлігімен ерекшеленеді.
    Балалары да ата жолын жалғап, шығармашылық бағытты таңдаған. Осылайша ұрпақ сабақтастығын, көне мен жаңаны ұштастыра білген олар еліміздегі саяси науқандарға да белсене қатысып келеді.
    – Ата Заң – қоғамның дамуына, елімізде заңдылық пен тәртіптің үстемдік құруына, жалпыадамзаттық құндылықтардың бағалануына жол ашатын негізгі құжат. Сондықтан біз елін қадірлейтін азамат ретінде мұндай шаралардан тысқары қала алмаймыз. Міне, сондықтан отбасы мүшелері түгелдей сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауымызды білдірдік, – дейді Қоңыр Бекдайыр журналистарге берген сұхбатында.
    Бүл күні Қарасай ауданының тұрғындары аса белсенділік танытқанын айта кету керек. Жаңа Конституцияны қабылдауға арналған референдумға ағылған жұртшылықтың қатары осыны аңғартады.
    Қуат Қайранбаев
    Қарасай ауданы

    Соңғы жаңалықтар

    Кенен Әзірбаевтың қызы ел болашағына зор сенім білдірді
    15.03.2026
    Көктем, драйв, дрифт-шоу: Қонаевта жарыс жеңімпаздары дауыс берді
    15.03.2026
    Болат Әбділманов: «Ата Заңды қолдау – парызымыз»
    15.03.2026
    Ата-баба мұрасы – болашаққа бағыт береді
    15.03.2026
    Референдум учаскесінде – “Алтын адам”
    15.03.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>