⚠️ Ауа райы табылмады.
Сәрсенбі, Наурыз 4, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Референдумда дауыс беру учаскесін айқындау тәртібі

    03.03.2026
    in Барлық жаңалықтар, Конституция, Құқық-заң, Референдум, Саясат
    Референдумда дауыс беру учаскесін айқындау тәртібі
    0
    SHARES
    9
    VIEWS

    2026 жылғы 15 наурызда өтетін республикалық референдумға дайындық шеңберінде Алматы облысында тұрғындар арасында кешенді ақпараттық-түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылуда. Өңір тұрғындарына дауыс беру тәртібі, учаскеге тіркелу және дауыс беруге арналған есептен шығару куәлігін алу жолдары туралы жан-жақты мәлімет берілуде.

    Алматы облыстық аумақтық референдум комиссиясының төрағасы Мейрамгүл Айтова азаматтардың тіркелген жерінен тыс жерде дауыс беру тәртібін түсіндірді.

    – «Егер азамат 15 наурыз күні өзінің тіркелген жерінен тыс жерде болса, онда 14 наурыз күні сағат 18:00-ге дейін өз учаскелік комиссиясына жазбаша өтініш беріп, жеке куәлігін көрсетуі қажет. Өтініш негізінде есептен шығару куәлігі беріледі. Бұл құжат референдум күні нақты болатын жері бойынша учаскеде дауыс беруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар есептен шығару куәлігін сенімхат арқылы өкіл де ала алады, бұл ретте сенімхатты нотариалды куәландыру талап етілмейді. Құжат жоғалған жағдайда ол қалпына келтірілмейді және телнұсқа берілмейді. Бір елді мекен шегінде басқа учаскеде дауыс беру үшін есептен шығару құжаттары берілмейді», – деді Мейрамгүл Айтова.

    Референдум учаскесін қалай білуге болады?

    Алматы облысының тұрғындары өздерінің дауыс беру учаскесі туралы ақпаратты нақты уақыт режимінде бірнеше тәсіл арқылы ала алады:

    ресми веб-сервис арқылы ЖСН енгізу жолымен;

    бірыңғай iKomek байланыс орталығы арқылы (109);

    облыстың учаскелері көрсетілген ақпараттық-анықтамалық карта арқылы;

    Telegram-бот арқылы.

    Call-орталықтардың байланыс нөмірлері (жұмыс уақытында):

    Алматы облысы – 109

    Қонаев қаласы – 8 (72772) 22111

    Алатау қаласы – 8 (727) 304 26 29

    Балқаш ауданы – 8 (72773) 95 496

    Еңбекшіқазақ ауданы – 8 (72775) 72 371

    Жамбыл ауданы – 8 (72770) 22 340

    Іле ауданы – 8 (72752) 20 892

    Қарасай ауданы – 8 (72771) 29 981

    Кеген ауданы – 8 (72777) 21 170

    Райымбек ауданы – 8 (72779) 21 994

    Талғар ауданы – 8 (72774) 21 284

    Ұйғыр ауданы – 8 (72778) 21 739

    Облыс әкімдігі тұрғындарды референдумға белсенді қатысуға шақырады.

    Ұсынымдар

    Алаш айбынын асырған

    Алаш айбынын асырған

    6 months ago
    Қамшы өру техникасы – сабақта

    Қамшы өру техникасы – сабақта

    11 months ago
    Алматы облысында жемқорлықтың алды алынды

    Алматы облысында жемқорлықтың алды алынды

    2 years ago
    Сәукеленің сәні мен сыры

    Сәукеленің сәні мен сыры

    2 years ago
    Академик есімі берілді

    Академик есімі берілді

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>