⛅
2°C
Қонаев
Бейсенбі, Наурыз 5, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Шығысқа шақырады

    04.03.2026
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар
    Шығысқа шақырады
    0
    SHARES
    2
    VIEWS

      Абай облысы Ақсуат ауданының әкімі Ерсін Ескендіров бастаған делегация Есік қаласында Еңбекшіқазақ ауданының тұрғындарымен кездесті. Халық тығыз орналасқан оңтүстіктегі ауданға шығыстан арнайы келген атқамінерлер көші-қон бағдарламасы бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізіп, тұрғындардың сұрақтарына жауап берді.

    «Ел боламын десең – шекараңды бекіт» демекші, мемлекеттің тұтастығы мен қауіпсіздігі, ел егемендігі шекараның беріктігіне байланысты. Ал шекара берік болуы үшін көрші елдермен шектесіп, шеткері жатқан елдімекендердің әлеуеті, әлеуметтік-экономикалық дамуы мен ондағы саяси тұрақтылық маңызды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев былтыр өткен Ұлттық құрылтайда атап өткендей, шеткері жатқан елдімекендердің ахуалы ел іргесінің бекем болуына тікелей әсер етеді. Бұл – стратегиялық маңызы бар мәселе.

    Деректерге сүйенсек, бүгінде Ресей, Қытай, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан секілді көршілес 5 елмен Қазақстанның 14 облысы шектеседі. Бұл аймақтарда 65 аудан болса, оның қырығында халық саны күрт азайған. Халықтың жаппай қалаға қоныстануы салдарынан көптеген ауылда тұрғындардың басым бөлігі – қарттар, ал еңбекке жарамды жастар мен мектеп жасындағы бала саны аз. Салдарынан шеткерідегі өңірлерде кадр тапшылығы туындап, мектептерді жабу мәселесі де төніп тұр. Осы орайда шекара маңындағы өңірлерді дамытып, халық санын арттыруды, еліміздегі еңбек ресурстарын теңгерімді үлестіруді көздейтін бағдарлама қолға алынды.

    «Халық тығыз орналасқан оңтүстік өңірлерден жұмыс күші тапшы аймақтарға ерікті қоныс аударуды қолдау арқылы азаматтардың өмір сүру сапасын арттыру және өңірлік экономиканы жұмыс күшімен қамтамасыз етуді мақсат еткен Мемлекет басшысының бағдарламасын білесіздер. Бұдан бөлек, Абай облысының әкімі Берік Уәлидің ауылды жаңғыртуға бағытталған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы да бастау алды. Жоба мақсаты – ауылдық аумақтардың тұрақты дамуын қамтамасыз ету, халықтың тұрмыс сапасын арттыру және ауылды экономикалық өсімнің тірегіне айналдыру. Осы бағдарламаларды оңтүстік жұртына таныстырып, шығысқа шақыра келдік. Ақсуат ауданына көшіп баратын азамат болса, мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау қарастырылған. Тұрғын үй алуы үшін 7 млн теңге қаражат беріледі. Одан бөлек, отбасының әр мүшесіне 300 мың теңге төлем жасалады. Сонымен қатар шаруашылықпен айналысамын деген жанға игере алатынына қарай жер телімдері конкурссыз беріледі», – деген Абай облысы Ақсуат ауданының әкімі Ерсін Кәдірбекұлы: «Жер көлемі 14 мың шаршы шақырымға жуық Ақсуат ауданында барлығы 20 мың халық тұрады.

    9 ауылдық округте 27 елдімекен бар. Ауылдар әлеуметтік нысанның барлығымен қамтылған, су жүйесі орталықтандырылған, жолдар асфальтталып, жарықтандырылған. Тек газ ғана жоқ», – деп келген мақсат-міндетерін халыққа таныстырды.

    Қарастырылған көмек түрлері:
    – көшуге арналған қаржыландыру – отбасының әрбір мүшесіне 70 айлық есептік көрсеткіш бойынша біржолғы төлем (АЕК, 2026 жылы 4 325 теңгені құрайды) немесе 302 750 теңге;
    – бір отбасына ай сайын 15-тен 30 АЕК (64 875 теңгеден 129 750 теңгеге дейін) мөлшерінде төленетін тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстарды жабуға арналған қаржыландыру;
    – қоныс аударуға жәрдем көрсететін жұмыс берушілер үшін 400 АЕК (1 730 000 теңге) мөлшерінде қаржыландыру.
    – қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға жолдама;
    – жұмысқа орналасуға немесе кәсіпкерлік бастаманы дамытуға жәрдемдесу;
    – 1 625 АЕК немесе 7 028 125 теңге мөлшерінде тұрғын үй сатып алуға экономикалық ұтқырлық сертификаттарын беру.

    Делегация құрамында бірге келген Ақсуат ауданына қарасты Ойшілік, Құмкөл, Ырғызбай, Сәтбаев ауылдық округтерінің әкімдері де ауылдарындағы әлеуметтік-экономикалық жағдайға жан-жақты тоқталып, ауа райына дейін толыққанды түсіндіріп өтті. Аталған бағдарламамен қоныс аударушыларға мемлекет тарапынан көрсетілетін қаржылай көмектен бөлек, ауыл адамдары оншақты ұсақ малын немесе 4-5 ірі қарасын жинап, алдарына салып беруге дайын отырғанын да жеткізді. Оның себебі кейбір ауылдарда 15-20 ғана түтін қалғандықтан ол жерлерде мектептерді жабу қаупі тұр. Сондықтан шығыс халқы көпбалалы отбасыларын қуана қарсы алмақ.

    Ақсуат ауданына былтыр 20 отбасы көшіп келген. Оның бесеуі – қандастар болса, 15-і – ішкі қоныс аударушылар. Сондай-ақ аудан 2026 жылға арналған қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік жоспарын биыл бір айдың ішінде орындап тастапты. Дегенмен, «Ақсуатқа көшуге ниет білдірген жанға әрдайым есігіміз ашық, көмегіміз де дайын» дейді ақсуаттықтар.

    «Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін ерікті қоныс аудару» мемлекеттік бағдарламасының басты мақсаты – қандастар мен қоныс аударушыларды өңірлерге оңтайлы қоныстандыру. Ішкі қоныс аударушыға қойылар талап – отбасы мүшелерінің бірінде диплом болуы керек. Ал қандастарға қойылар талап – отбасы мүшелерінің бірінде жүргізуші куәлігі болуы міндеттеледі.

       Құралай Мұратқызы

    Еңбекшіқазақ ауданы

    Ұсынымдар

    ЗАМАНАУИ ӨНДІРІС ОШАҒЫ

    ЗАМАНАУИ ӨНДІРІС ОШАҒЫ

    1 year ago
    Жақсы көршің – тынысың

    Жақсы көршің – тынысың

    3 years ago
    Киіз басу шебері

    Киіз басу шебері

    5 months ago
    Республика күні – Тәуелсіздік пен Бірліктің нышаны

    Республика күні – Тәуелсіздік пен Бірліктің нышаны

    4 months ago
    Ақынға құрмет

    Ақынға құрмет

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>