-13 °c
Qonaev
Tuesday, May 13, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Әдебиет

    Ақынға құрмет

    03.12.2024
    in Әдебиет, Барлық жаңалықтар, Мәдениет, Өңір тынысы
    Ақынға құрмет
    0
    SHARES
    19
    VIEWS

    Кереге таулы Кеген өңірі таланттарға кенде емес. Солардың бірі – жетпістің желкенін керген ақын Шеризат Мекебаев. Жуырда қаламгер мерейтойына орай Тасашы ауылдық кітапханасында әдеби кеш өттi. Кездесуге ақынның жақын достары мен өлеңдеріне тәнті оқырмандары қатысты.

    Шеризат Сәрсенбайұлы Қарасаз ауылында дүниеге келген. Өлең өлкесіне мектеп қабырғасында жүрген кезінен қалам тартқан. Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың жырларынан қуат алды. Ақын шығармашылығы өзіндік ерекшелігімен, қаламгерлік шеберлігінің кемелдігімен таңдандырады. «Жүрегімнің көзінен жас ағады»,  «Ол күндер оралмайды», «Қоңыр қаз», «Өмір деген…» сынды туындыларын атауға болады.

    Шеризат ақын Ресейдің Свердловск қаласында әскерлік борышын өтеп жүргенде самбо күресін үйреніп, рота, полк, дивизия көлеміндегі жарыстарға қатысып, жүлделі орындарды иеленген. 1973 жылдың көктемінде Свердловск қаласында өткен дивизия біріншілігінде 57 келі салмақта жеңімпаз атанып, қысқа мерзімді демалысқа жіберілген. Бұл ауыл баласы үшін үлкен қуаныш еді. Спортқа деген қызығушылығы осы кезеңнен басталды.

    1975-1977 жылдары Алматы қаласында денешынықтыру және спорт институтының бапкерлері Металбек Болғанбаев пен Бақытжан Сырымбетовтың жетекшілігінде болды. 1976 жылы Циолковский қаласында өткен студенттердің бүкілодақтық жарысында самбодан спорт шеберлігіне кандидаттық қорғайды. 1978 жылы Нарынқол аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде бапкерлік қызметін бастайды. Қарасаз ауылындағы мектепте мұғалім болады. Бұдан кейін Кеген аудандық балалар және жасөспірімдер спорт мектебінде қызмет атқарады. 1998-2017 жылдары Кеген ауылындағы Өзек Жаңабаев атындағы орта мектепте дене шынықтыру сабағынан дәріс береді. Осы жылдарда дайындаған шәкірттері облыс, республика, Азия және әлем чемпионы атанып, ел мерейін үстем етті.  Қазір зейнет демалысында.

    Еркін форматта өткен кездесуде қаламгердің өмірі мен шығармашылығы кеңінен сөз болды. Өткір тілмен кесіп айтатын ақынның дара мінезі, кейінгі буын жастарға берген бағасы қызықтырды. Әдебиет пен өнерге сусындаған мектеп оқушылары ақын өлеңдерінен үзінділер оқып, өздерінің көкейкесті сұрақтарын қойып, пікір алмасты. Кездесу соңында ұйымдастырушылар тарапынан ақынға құрмет көрсетіліп, Алғыс хат табысталды.

    «Оқырмандармен бір тамаша кеш болды. Азғантай уақытқа созылған шарада шығармашылығымның басым бөлігі қамтылды. Қаламгер оқырманымен бақытты! – деген Шеризат Мекебаев «Өмір деген» өлеңін оқып, көпшілікке ақ батасын берді.

    Дәурен ӘБУТӘЛІПОВ,

    Кеген ауданы

    Ұсынымдар

    Қонаевта денесінде ине жүрген әйелге сәтті ота жасалды

    Қонаевта денесінде ине жүрген әйелге сәтті ота жасалды

    3 weeks ago
    Елде орташа күнкөріс деңгейі 10,5 пайызға ұлғайды

    Елде орташа күнкөріс деңгейі 10,5 пайызға ұлғайды

    2 years ago
    Елдің энергетикалық тәуелсіздігіне қадам жасалады

    Елдің энергетикалық тәуелсіздігіне қадам жасалады

    8 months ago
    Қазақстанның онлайн-платформадағы ұлттық павильондары: жаһандық саудада отандық брендті ілгерілетуге жаңа қадам

    Қазақстанның онлайн-платформадағы ұлттық павильондары: жаһандық саудада отандық брендті ілгерілетуге жаңа қадам

    1 week ago
    Қонаевта жыл соңына дейін 765 абонент газға қосылады деп күтілуде

    Қонаевта жыл соңына дейін 765 абонент газға қосылады деп күтілуде

    8 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>