⚠️ Ауа райы табылмады.
Сенбі, Наурыз 7, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Жаңа Конституция ел экономикасына серпін береді

    06.03.2026
    in Барлық жаңалықтар, Конституция, Құқық-заң, Референдум
    Жаңа Конституция ел экономикасына серпін береді
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Агросектор өңір экономикасының негізі екенін ескерсек, мұндағы әр шаруа облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына өз үлесін қосып жатқаны белгілі. Өйткені ауыл шаруашылығы – экономиканың бірнеше бағытын қамтитын үлкен сала. Мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығынан, бау-бақшадан өнім алып, өндірісті жолға қойып, ішкі нарықты отандық өніммен қамтып, сыртқа да экспорттап, жергілікті жердің азаматтарына тұрақты және маусымдық жұмыс орындарын ұсынып отырған шаруа қожалықтары бар. Олардың бірі  – «Green Eco» ЖШС.

    Өндіріс 2017 жылдың күзінде басталып, қазір жылына 3,5 млн қаптама деңгейіне шыққан. Бұл – ай сайын 100 тонна жас көкшөп өндіріледі деген сөз. 1,3 гектар аумақта орналасқан жылыжайда 100-ден аса адам еңбек етеді. Мұнда айына 65 тонна немесе 400 мың бірлік өнім өндіріліп, ол еліміздің ең үлкен қалаларындағы 350-ден аса ірі сауда орталықтарына жіберіледі. Ең бастысы – бәрі балғын түрінде. «Мысалы біз таңертең жіберсек, ол кешке тұтынушылардың дастарқанында тұрады. Оның үстіне біз ұсақ жылыжай кешендері үшін ауылшаруашылық өнімдерінің агрегаторы болуға, осы бағыттағы серіктестікке әрқашан дайынбыз. Әрине, оның өз шарттары бар. Айталық, жылыжайлардың көлемі 300 шаршы метрден кем болмауы, өнімдер пестицидтерсіз және гормондарсыз өсірілген, экологиялық тұрғыда таза болуы тиіс. Бізбен серіктес болу өте тиімді. Өйткені ұсақ өндірушілердің өнімін толықтай сатып ала аламыз, мамандарды оқытып, агрономиялық қызмет көрсетеміз, көшеттермен қамтамасыз етеміз. Біз жылыжай жобасында әлемдегі ең үлкен сұранысқа ие және ең озық технологияларды біріктіруге тырыстық. Бұл технологиялардың Қазақстанда жұмыс істеуі үшін құрылыстың, жабдықтарды монтаждау мен жөндеудің түрлі кезеңдерінде бізге үш елден – Израильден, Даниядан, Нидерландыдан мамандар келді. «Green Eco» компаниясының Алматыға ғанаемес, Қазақстанның Астана, Қарағанды, Павлодар, Тараз, Талдықорған сияқты қалаларына, сондай-ақ меншікті тарату орталықтарына тауарды үздіксіз жеткізуді қамтамасыз ететін өз логистикалық орталығы бар», –  дейді  ЖШС бас директоры Роман Шнайдерман.

    ​Кәсіпорын иесі  жаңа Конституцияда қарастырылған өзгерістер кәсіпкерлік пен агроөнеркәсіп кешенінің дамуына берік құқықтық негіз қалыптастырып, экономикалық өсімнің, халықты жұмыспен қамтудың және азаматтардың әл-ауқатын арттырудың маңызды тетігіне айналатынына сенім білдірді.

    Соңғы жаңалықтар

    Жанкүміс ЖӘМЕҢКЕ, ҚР Мәдениет қайраткері, Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты: Газет – ұлтқа қызмет ететін ұлы мінбер
    06.03.2026
    КОАЛИЦИЯ МҮШЕЛЕРІ «ХЕНКЕЛЬ САС КАЗАХСТАН» ЖШС ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ
    06.03.2026
    Құс фабрикасы жаңа Ата Заңды қолдауға шақырады
    06.03.2026
    Ізгі жандарға ізет
    06.03.2026
    КОАЛИЦИЯ МҮШЕЛЕРІ №15 ОРТА МЕКТЕП ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ
    06.03.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>