⚠️ Ауа райы табылмады.
Сейсенбі, Сәуір 14, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Әдебиет

    Жазушымен жүздесу  

    02.03.2026
    in Әдебиет, Барлық жаңалықтар, Руханият
    Жазушымен жүздесу   
    0
    SHARES
    10
    VIEWS

        Қонаев қалалық кітапханасында белгілі жазушы, журналист Қанат Әбілқайырмен кездесу өтті. Шараны Алатау қаласы Заречный шағынауданындағы кәсіптік-техникалық колледж, кітапхана ұжымы мен облыстық әдістемелік орталығы бірігіп ұйымдастырды.

    Мақсаты – автор мен оқырман арасындағы мәдени-рухани байланысты нығайту, кітап оқу мәдениетін қалыптастырып, оқырманның әдебиетке қызығушылығын арттыру. Жүздесуге жабық мекемелердегі техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтері мен кітапханашылары қатысты.

    Жиында автор «Ағыраптағы аты жоқ адам» шығармасының қалай жазылғаны жайлы баяндап, оның астарында жасырынған тұспалды сырды ақтарды, орамды ойымен бөлісті. Роман Қазақстан Жазушылар одағының «Жас қалам – жаңа роман» жобасы аясында жарық көрген. Дәл осы туынды үшін автор Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының жүлдегері атанған. Қазіргі таңда кітап ағылшын тіліне аударылып, халықаралық «Booker» сыйлығына ұсынылған. Сондай-ақ туынды облыстық әдістемелік орталығының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы студенттер мен инженер-педагогтерге 2026 жылы оқуға ұсынылған 100 кітаптың қатарына енгізілген. Бұл аталған орталықтың «Парасатты оқырман» жобасы аясында іске асқан.

    Кездесу барысында Қонаев қалалық кітапханасының басшысы Айгүл Бегімбайқызы автордың өмір жолымен, шығармашылығымен таныстырып, романдағы оқиға желісін баяндап берді. Ал қатысушылар толғандырған сұрақтарын қойып, автордың тұщымды жауабын алды.

    – Кәсіптік-техникалық білім беру саласында қызмет еткенімізбен, руханиятты да назардан тыс қалдырмауға тырыстық. Қазіргі таңда Алматы мен Жетісу облысы бойынша Қылмыстық атқару комитетіне қарасты №57 түзеу мекемесіндегі 95 жазасын өтеушіні алты мамандық бойынша оқытып жатырмыз. Колледжіміздің кітапханасы бар. Былтыр Ұлттық кітапхана сыйға тартқан 700 көркем әдеби шығармамен қорды толықтырдық. Сотталған азаматтардың шығарма оқу арқылы ой өрісін кеңейткенін қаладық. Ең басты тәрбиешінің бірі – кітап, – деді кәсіптік-техникалық колледж директоры Дәулет Мұхамеджан.

    Қанат Әбілқайырдың айтуынша, кітапта қозғалатын жайттарды 3-4 жыл бойы ойында пісіріп, санасында бейнелеп, кейін үш ай ішінде Қонаев қаласында жазып, бітірген. «Шығарма бұлай кең таралып, халықтың ықыласына бөленеді деп ойламадым. Менің туындыларымда Тәуелсіздіктен кейінгі кезең суреттеледі. Соңғы отыз жылда біздің елде урбанизация процесі қатты жүрді. Ауылда жұмыс жоқ, халық қалаға ағылды. Бұл тарихи оқиғаны өзіміз де байқамай қалдық. Осы жағдайдың барлығына жазушы ретінде баға бергім келді. Тақырып етіп алған оқиғаға қатысты деректерді жинақтадым. Психологиялық ауытқуы бар адамдарды емдейтін орталыққа барып, 32 науқаспен сөйлестім. «Тамшы тас жарады» дейді. Үздіксіз ізденістің нәтижесінде осы кітап туды. Отыз жылда елімізде болған түрлі қоғамдық-саяси оқиғаларды басынан өткерген барлық жанның тағдырын жазу мүмкін емес. Оның бәрін жинақтап, «Ағыраптағы аты жоқ адам» арқылы жеткізуге тырыстық, – дейді жазушы.

    Шара соңында қонақтарға Алғыс хат пен арнайы сыйлық табысталды. Оқырман автордың қолтаңбасын алып, кітабына қол жеткізді.

    Гүлзат БАЙҚОНЫС

    Соңғы жаңалықтар

    Әсерлі авиашоу
    13.04.2026
    Кәсіпкерлерге қолдау көп
    13.04.2026
    Ұлттың үнбайрағы
    13.04.2026
    Диқандар дала төсінде
    13.04.2026
    Америкалық блогер Алматы облысының туристік әлеуетіне тамсанды
    13.04.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>