⛅
-9°C
Қонаев
Дүйсенбі, Наурыз 2, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Әдебиет

    Жыр алыбының туған күнінде

    01.03.2026
    in Әдебиет, Барлық жаңалықтар, Мәдениет, Мерейтой, Руханият
    Жыр алыбының туған күнінде
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Ақпанның 28-інде, Жамбыл Жабаевтың туған күні ақынның әдеби-
    мемориалдық музейінде мерекелік шара өтті. Жамбыл ауданының Жамбыл
    ауылындағы музейде жыр алыбының туғанына 180 жыл толуына орай
    ұйымдастырылған шараға облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев қатысып, зиялы
    қауым өкілдерімен бірге ақын рухына құрмет көрсетті. Қазақ халқының дара
    тұлғасына арналған шараға сонымен қатар ақынның ұрпақтары, аудан әкімі
    Нұрлан Ертас, ардагерлер мен тұрғындар қатысты.
    Алдымен өңір басшысы алыс-жақыннан келген қонақтармен бірге
    ақыннның музей-үйі алдындағы ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Музей
    ауласындағы кесенесінде тізе бүгіп, аруағына құран бағышталды. Музейдің
    мәжіліс залында жыр алыбының өнегелі ғұмыры мен өшпес мұрасы туралы
    тағылымды әңгіме айтылып, телегей-теңіз жырымен ел рухын асқақтатқан
    дара тұлға есіміне зор құрмет көрсетілді.
    Салтанатты жиында көпшілікті жыр алыбының 180 жылдық
    мерейтойымен құттықтаған облыс басшысы Марат Сұлтанғазиев тағылымды
    сөз қозғады.
    – Бұл мерейтой бүкіл қазақ халқының рухани мерекесі. Халық жадында
    Жамбыл бабамыз елдік пен ерліктің, әділдік пен намыстың жыршысы ретінде
    мәңгілік сақталады. Екі ғасырдың куәсі – Жамбыл шығармашылығы тұтас
    дәуірдің шежіресі. Бізге қалдырған мол мұрасы рухани тәуелсіздігіміздің
    тірегі, – деген Марат Елеусізұлы осыдан бір күн бұрын Алматыдағы Жамбыл
    атындағы мемлекеттік академиялық филармониясында ақынның 180 жылдық
    мерейтойының ресми ашылғанын айтты. Өмірін рухани құндылықтар мен
    әділеттілікке арнаған Жамбыл Жабаев ескерткіштері әлемнің бірнеше
    қаласында халқымыздың мәртебесін асқақтатып тұрғанын, бүгінгідей
    тағылымды шаралар жас ұрпақтың ұлттық құндылықтарға негізделген
    дүниетанымын қалыптастыратынын тілге тиек етті.
    Облыс басшысы өз сөзінде ата-бабамыз ұрпақтан-ұрпаққа өсиеттеген
    әділдік пен елдік мұраттардың бүгінгі таңда нақты істермен жалғасып
    келетінін атап өтіп, осы ретте ел өміріндегі маңызды саяси кезеңге тоқталды.
    Айтуынша, Мемлекет басшысының Жарлығымен 15 наурызға белгіленген
    республикалық референдумда жаңа Ата Заңға дауыс беріліп қана қоймай,
    келер ұрпақтың қандай мемелекетте өмір сүретіні айқындалмақ. Ұсынылған
    жаңа Конституция жобасы азаматтардың мүддесі мен елдегі тұрақтылықты алдыңғы қатарға қоятын тарихи құжат екенін айтып, реформаның басты өзегін, ерекшелігін түсіндірді. Тарихи-мәдени марамызды сақтау мен дамыту да конституциялық міндет ретінде бекітілгенін атап өтті. Бұл ұлттық кодты сақтай отырып, заманауи өркениетке ұмтылудың айқын көрінісі. Көпшілікті
    ортақ болашағымызды қалыптастыру жолында белсенділік танытуға
    шақырды. Жамбылдың тікелей ұрпағынан немерелері Жеңісхан Ізтілеуұлы
    мен Салтанат Тезекбайқызына қазақы салтпен сый-құрмет көрсетті.
    Салтанатты жиында сөз сөйлегендер Жамбылдың асыл мұрасының
    маңызын баса айтты. Оның жырлары елдік пен ерліктің, бірлік пен
    парасаттың айнасы. Ұлы ақынның есімі халық жадында мәңгі сақталып, жас
    ұрпаққа рухани үлгі бола бермек. Қазақтың ұлы жырауы, жыр алыбы
    Жамбыл Жабаев – қазақ халқының ақындық дәстүрін жалғастырып, өміршең
    өлеңімен халықтың мұң-мұқтажын жырлаған ұлы тұлға. Ақын шығармалары
    – ұлттық рухтың жарқын көрінісі. Бұл орайда белгілі қаламгерлер,
    мемлекеттік сыйлықтың иегері, ақын Нұрлан Оразалин, жазушы, қоғам
    қайраткері, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Нағашыбек
    Қапалбекұлы өздерінің ой-пікірлерімен бөлісті. Сондай-ақ халықаралық
    «Түрксой» ұйымының бас хатшысы Сұлтан Раев, Халық қаһарманы, генерал-
    полковник Сәт Тоқпақбаев, академик Төлеген Қожамқұлов жыр дүлдүлінің
    өнегелі өмірі мен шығармашылығына байланысты лебіздерін білдірді.
    Шараға сонымен қатар белгілі ақын, Түркі әлемі Жазушылар одағының
    төрағасы Ұлықбек Есдәулет, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасы
    төрағасының орынбасары Қасымхан Бегманов қатысты.
    Мерекелік кеш соңынан аудандық Мәдениет үйі жанындағы «Сүйінбай
    сазы» фольклорлық-этнографиялық ансамблінің концерті тамашаланды.

    Серік САТЫБАЛДИЕВ,

    Жамбыл ауданы

    Ұсынымдар

    Тама бабаға тағзым

    Тама бабаға тағзым

    10 months ago
    Жаңа автобус паркі қызметін бастады

    Жаңа автобус паркі қызметін бастады

    3 years ago
    Құрылтайды тарату тетігі икемді болуы керек

    Құрылтайды тарату тетігі икемді болуы керек

    3 weeks ago
    Кинология – қызықты қызмет

    Кинология – қызықты қызмет

    1 year ago
    Жамбыл ауданы: Су тасқынының алдын алу шаралары жасалып жатыр

    Алматы облысында 35 үйдің ауласына су кірген

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>