⛅
16°C
Қонаев
Дүйсенбі, Сәуір 20, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Кәсіпкер мәселесі талқыланды

    20.04.2026
    in Барлық жаңалықтар
    Кәсіпкер мәселесі талқыланды
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Райымбек ауданы әкімдігінің мәжіліс залында өңір кәсіпкерлерімен кеңейтілген жиын өтті. Шараға Райымбек ауданының прокуроры Әлибек Мырзабеков, облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Азамат Әлиев, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Алматы облыстық филиалының директоры Бақытжан Исақов, «Аграрлық несие қоры корпорациясы» АҚ Алматы филиалының, «ҚазАгроҚаржы» АҚ Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша филиалының, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының жауапты мамандары, кәсіпкерлер, шаруа қожалық жетекшілері, ауыл әкімдері, қоғамдық ұйым өкілдері қатысты.

    Жиынға келген көпшілік ауқымды шара басталғанға дейін мемлекеттік бағдарлама арқылы кәсіп ашып, жұмысын дөңгелетіп отырған жекелеген кәсіпкерлердің «Бір ауыл – бір өнім» бағдарламасы бойынша ұйымдастырған көрмесін тамашалады. Мемлекеттік бағдарламаға ие болған азаматтардың бірі – Шалкөде ауылының тұрғыны Қарлығаш Бақыт. Осыдан екі жыл бұрын 1 млн 500 мың теңге көлеміндегі грантты ұтып алып, «Бай-Қазы» аталатын кәсіп ашқан. Негізгі өндіретіні – жылқының қазысы, етінен жасалған әр түрлі көлемдегі шұжықтар. Кәсіпкердің қолынан шыққан дәмі тіл үйіретін бұл ұлттық тағамдар қазір халықтың сұранысына кеңінен ие болып отыр. Нарынқолдық Қанат Шелекбаев та мемлекеттік бағдарламаның игілігін көрушілердің бірі. Жоғарыдағы қаражатқа ие болған Қанат ауласынан көлемі 220 шаршы метрлік жылыжай салған. Сөйтіп, жылыжайға таулы өңірдің ауа райына қолайлы қызанақ, қияр, қызылша, басқа да көкөніс түрлерін өсіруді қолға алған. Химиялық қоспасы жоқ, жергілікті органикалық тыңайтқышпен қоректенген көкөніс­тер «Аянат» деген атпен қазір ауыл тұрғындарының сұранысын арттырып отыр. Кәсібін нәсібіне айналдыра білгендердің бірі – Қаратоған ауылының тұрғыны Күлпарқан Тоқтақын. Он саусағынан өнер тамған ақ жаулықты ана құрақ құраудың, төсенетін, жамылатын көрпелер тігудің, жастық жасаудың, ою ойып, өрнек тоқудың, маталардан, қой жүнінен иірілген жіптерден ұлттық дәстүрге сай үй жиһаздарын жасаудың хас шебері. Қолөнер шеберлерінің облыстық, республикалық көрме жарыстарына бірнеше дүркін қатысып, есімі рекордтар кітабына жазылған. Күлпарқан алаботадан сабын жасаудың да қыр-сырын терең меңгерген. Кәсіпкер қайнатқан қара сабын – кір-қоңды кетірумен қатар, сыртқы ағзадағы кеселдердің де бірден-бір емі. Ал Тілеш Өмір болса, ертоқым жасап, өрімшілікпен айналысады. Ертоқым жасауға жергілікті жердің ағашы – көктеректі пайдаланады. Ағаш ердің сыртын терімен қаптайды. Қалайыдан, күмістен, жылтыр сымтемірден зерлер тартады. Ердің тоқым, ноқта, жүген, тартпа, өмілдірік, құйысқан, қамшы секілді әбзелдерінің бәрі таза қайыстан өрілген. Кәсіпкер қолынан шыққан ат әбзелдерінің бағасы базар нарқынан әлдеқайда төмен. Нарынқол ауылының тұрғыны Дәулет Тілеужанның да қол­өнерін меңгерудегі шеберлігі ерекше. Темірден, ағаштан, мүйізден жасаған сәндік, зергерлік бұйымдары, ағаш бетіне күйдіріп салған суреттері сұранысқа кеңінен ие. Кәсіпкерлер ұйымдастырған көрме көпшіліктің қызығушылығын тудырды. Дәмі тіл үйірген ұлттық тағамдар мен үй жиһаздарын, ат әбзелдері мен сәндік бұйымдарды сатып алушылар да аз болған жоқ.
    Кәсіпкерлердің кеңейтілген кездесу жиынын аудан әкімі Дастан Құдабаев ашты.
    – Бүгінгі кездесудің негізгі мақ­саты – аудан кәсіпкерлерінің өзекті мәселелерін ашық талқылау, мемле­кеттік органдармен кері байланысты күшейту және бизнестің дамуына кедергі келтіретін мәселелерді бірле­сіп шешу. Кәсіпкерлікті қолдау – аудан­ның әлеуметтік-экономикалық дамуының маңызды бағыты. Әкімдік тарапынан бизнеске қолайлы жағдай жасау, инфрақұрылымды дамыту, мем­лекеттік қолдау шараларының тиімділі­гін арттыру бойынша жүйелі жұмыс­тар жүргізілуде, – деген аудан әкімі қатысушыларды ұсыныстар айтып, нақты мәселелерді бірлесіп шешуге бағытталған диалог алаңына шақырды.
    Алғашқы сөз тізгінін ұстаған облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Азамат Әлиев кәсіпкерлікті дамытуда қолға алынып отырған іс-шаралармен таныстырды. Мемлекет тарапынан жасалынып жатқан бағдар­ламалардың орындалу барысы, маңызды мәселенің шекара шебіндегі Райымбек ауданына қатыстылығы жайлы қысқаша хабардар етті.
    Келесі кезекте сөз алған Райымбек ауданының прокуроры Әлибек Мырзабеков кәсіпкерлікке байланысты прокурорлық тексерудің қорытындысы жайлы хабарлама жасады. Маңызды мәселенің заң талаптарына сәйкес келмейтін тұстарына тоқталды. Норма­тивтік-құқықтық актілерді жүзеге асыру барысындағы олқылықтар мен іс құжаттарын заң нормаларына сай жүзеге асыруда кездесетін кемшіліктерге жол бермеу қажеттігін ескертті.
    Кеңейтілген жиын барысында «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлік палатасы Райымбек аудандық филиалының директоры Гүлназ Тоқмолдаеваның өткен жылдың қорытындысы бойынша есепті баяндамасы тыңдалды.
    2025 жылы «Ауыл аманаты» бағдар­ламасы бойынша 81 тұрғын 780 млн теңгеге өтініш беріп, 3 кооператив, 25 жеке кәсіпкер 265 млн теңгенің қаражатымен кәсіптерін бастады. Ауданды ауыл шаруашы­лығы техникаларымен жаңарту 65 пайызды құрады. 2025 жылы 63 жаңа ауыл шаруашылығы техникалары сатып алынды. Сондай-ақ өткен жылы «Кең дала» бағдарламасы бойынша 4 шаруа қожалығы несиеге ие болды. 400 АЕК көлеміндегі қайтарымсыз грантын иеленген 16 адам қазір кәсіптерін ашуға мүмкіндік алып отыр. Ауылдық жердің кәсіпкерлік әлеуетін дамыту үшін «Бір ауыл – бір өнім» жобасын іске асыру шеңберінде 8 өтінім қабылданды.
    Ауданда туризмді дамыту мақсатында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Атап айтқанда, облыстық туризм басқармасы және «Авалон» тарихи-географиялық қоғамы мамандарымен бірлесе отырып, Кеген ауанының Саты ауылы үлгісінде пилоттық жоба іске асырылуда. Жоба аясында Қарасаз, Жамбыл және Қақпақ ауылдарында тұрғындардың жеке қара­жаты есебінен қонақүйлер ашу, жол бойындағы қызмет көрсету нысандарын ұйымдастыру және жақын маңдағы көрікті жерлерге туристік турлар әзірлеу жұмыстары басталды. Шалкөде, Шұбартал, Көккемер және Байынқол бағыттарына апаратын жолдар бойынша тиісті жобалық-сметалық құжаттар әзірленіп, жалпы сомасы 5,7 млрд теңге көлемінде қаржыландыру қолдау тапты. Қазіргі таңда аталған қаржының 2,0 млрд теңгесі бөлініп, тиісті жұмыстар жүзеге асырылуда. Бұл жұмыстар ауданның туристік әлеуетін арттыруға, жаңа жұмыс орындарын ашуға, шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға, өңір экономикасының тұрақты өсуіне ықпал ететіні анық.
    Баяндамашы кәсіпкерлікке байла­нысты мемлекеттік бағдарламаның аудан көлемінде іске асырылып жатқан басқа да жетістігі туралы да хабардар етті. Палата филиалының алдағы жұмыс жоспарымен таныстырды.
    Баяндамада айтылған мәселелер бойынша «Даму» кәсіпкерлікті дамы­ту қоры» АҚ Алматы облыстық филиалы­ның директоры Бақытжан Исақов, Алматы облысы кәсіпкерлер палата­сының құқық мәселелері жөніндегі орынбасары Еркін Майлыбаев, «Бүркіт» отын-энергетикалық компаниясының президенті Ләззат Ботабекова, облыстық кәсіпкерлер палатасының экономикалық мәселелері жөніндегі орынбасары Жанна Қырғызәліқызы, басқа да адам­дар сөз сөйлеп, өңірде кәсіпкерлікті дамыту жөнінде ой-пікірлерін ортаға салып, ұсыныстарын айтты. Ауданның кәсіпкерлері тарапынан қойылған сұрақ­тарға жауап берді. Жиынды аудан әкімі Дастан Құдабаев қорытындылады.

    Жұмабек ТҰРДИЕВ

    Райымбек ауданы

    Соңғы жаңалықтар

    Жаңаарнада жаңа медициналық нысан ашылды
    20.04.2026
    Талапкерлер үшін жаңа мүмкіндік
    20.04.2026
    Алматы облысында орман қоры ұлғайып келеді
    20.04.2026
    Кәсіпкер мәселесі талқыланды
    20.04.2026
    Туристік өлке төрінде
    20.04.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>