Алматы облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне асқазанның онкологиялық ауруын (III саты) емдеу мақсатында биологиялық белсенді қоспаларды 665 090 теңгеге сатып алу фактісі бойынша тұтынушыдан өтініш келіп түсті.
Өтінішті қарау барысында Департамент қызметкерлері компания өкілімен түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында тараптарға тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы қолданыстағы заңнама талаптары, сондай-ақ тұтынушы мен сатушы арасында жасалған шарттың талаптары жан-жақты түсіндірілді.
Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде, шарт талаптарына сәйкес компания жалпы соманың 20%-ын ұстап қалып, қалған 525 915 теңге көлеміндегі қаражатты тұтынушыға қайтарды.
Аталған жағдай тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында дауларды сотқа дейінгі тәртіпте тиімді шешудің маңыздылығын көрсетеді. Департамент тарапынан азаматтардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіруге бағытталған жүйелі және жедел жұмыстар тұрақты түрде жүргізілуде.
Департаменттің жедел араласуының нәтижесінде мәселе қысқа мерзімде оң шешімін тауып, тұтынушының құқықтары толық көлемде қорғалды.
Д.Сенбаева
ҚР Сауда және интеграция министрлігінің
Алматы облысы бойынша сауда және
тұтынушылардың құқықтарын қорғау
департаментінің бас маманы




