☀️
26°C
Қонаев
Бейсенбі, Сәуір 30, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Әдебиет

    Тарихи құнды еңбек таныстырылды

    30.04.2026
    in Әдебиет, Барлық жаңалықтар, Тарих
    Тарихи құнды еңбек таныстырылды
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Алматы облыстық орталық әмбебап кітапханасында ерекше рухани-мәдени шара өтті. Чех жазушысы Индржих Дворжактың «Қазақтар арасында» атты кітабының тұсаукесері ұйымдастырылып, оқырман қауымға таныстырылды. Бұл жиын екі ел арасындағы тарихи және мәдени байланысты жаңғыртқан маңызды басқосу болды.
    Шараға Чехия мен Словакиядан арнайы қонақтар келді. Олардың қатарында Игор Отченаш, Штепан Франк және кітаптың қазақ тіліндегі аудармашысы Сұлтан Қаймолдин бар. Кітапхана ұжымы мен қатысушылар шетелдік меймандарды жылы қарсы алып, қазақы дәстүрге сай құрмет көрсетті.
    Тұсаукесер барысында келген қонақтар кітаптың мазмұны мен жазылу тарихына кеңінен тоқталды. Әсіресе аудармашы Сұлтан Қаймолдин мен Штепан Франк арнайы сөз сөйлеп, еңбектің ерекшеліктеріне жеке-жеке тоқталды. Сұлтан Қаймолдин өз баяндамасында кітапты қазақ тіліне аудару барысындағы тәжірибесімен бөлісіп, автордың ойын, тарихи деректер мен мәдени ерекшеліктерді дәл жеткізудің маңыздылығы турасында айтты. Оның айтуынша, бұл шығарма қазақ оқырманына сырт көзқарас арқылы ұлттық болмысты тануға мүмкіндік береді. Ал Штепан Франк өз сөзінде кітаптың жазылу тарихына тоқталып, Индржих Дворжактың қазақ жеріне сапары мен сол кезеңдегі әсерлері туралы баяндады. Ол автордың қазақ халқының тұрмыс-тіршілігіне, салт-дәстүріне ерекше қызығушылық танытып, көрген-білгенін шынайы әрі әсерлі түрде жеткізгенін атап өтті. Сонымен қатар кітаптың тарихи маңызына да ерекше назар аударды.
    Кітаптың басты ерекшеліктерінің бірі – оның тарихи мазмұны. Автор қазақ жерінде болған кезеңінде Алаш қозғалысының өкілдерімен байланыс орнатқаны туралы жазады. Әсіресе Әлихан Бөкейханмен кездесуі және тәуелсіздік идеясы төңірегіндегі ортақ көзқарастарды ерекше көрсетеді. Бұл деректер кітаптың тарихи құндылығын арттырып, оны тек әдеби емес, деректік еңбек ретінде де бағалауға мүмкіндік береді.
    Жиын барысында қатысушылар да өз пікірлерін білдіріп, кітапқа деген қызығушылықтарын жасырмады. Әсіресе жас оқырмандар мен студенттер үшін мұндай еңбектердің маңызы зор екені айтылды. Олар кітап арқылы тек тарихты ғана емес, халықаралық мәдени байланыстарды да тереңірек түсінуге мүмкіндік алатынын жеткізді.
    Шара соңында қонақтарға қазақтың дәстүрлі сыйы – қамшы табысталды. Ұйымдастырушылар қамшының тек тұрмыстық құрал ғана емес, сонымен қатар еркіндік пен рухтың символы екенін атап өтті. Бұл сыйлық шетелдік меймандарға қазақ халқының мәдениеті мен салт-дәстүрінің бір көрінісі ретінде ұсынылды. «Қазақтар арасында» кітабының тұсаукесері жоғары деңгейде өтіп, қатысушыларға үлкен әсер қалдырды. Мұндай шаралар рухани байланысты нығайтып қана қоймай, тарихи жадымызды жаңғыртуға да ықпал етеді. Чех жазушысының еңбегі қазақ оқырманы үшін жаңа қырынан танылып, ұлттық тарихқа деген қызығушылықты арттыра түсті.

    Тоғжан ЖОЛДЫҒАЛИ

    Соңғы жаңалықтар

    Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
    30.04.2026
    Жүгіру біріктіргенде
    30.04.2026
    Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
    30.04.2026
    Тарихи құнды еңбек таныстырылды
    30.04.2026
    Тәртіп пен тазалық – жарқын болашақтың кепілі
    30.04.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>