«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Іле ауданында 2026 жылғы 18 сәуір күні кезекті санитарлық тазалық сенбілігі ұйымдастырылды.
Ауқымды тазалық шарасына 1836 адам қатысып, 25 арнайы техника жұмылдырылды. Нәтижесінде 26,3 тонна қоқыс шығарылып, аудан аумағында 2220 түп ағаш отырғызылды.
Сенбілік барысында елді мекендердің көшелері, қоғамдық орындары мен аумақтары тазартылып, абаттандыру жұмыстары жүргізілді.
Аталған акция тұрғындардың экологиялық мәдениетін арттыруға, туған жерге жанашырлықпен қарауға және ауданның көркеюіне бағытталған маңызды бастама болып табылады.



