Елордамыз Астанада 22 -25 мамыр аралығында «Даму» кәсіпкерлікті дамыту Қоры» ұйымдастыруымен «Ұлттық Өнім» атты отандық тауарлар көрмесі ЭКСПО халықаралық көрме орталығында өтеді. 2015 жылдан бері бастау алған іс-шараның басты мақсаты – қазақстандық өндірушілерді қолдау, шағын және орта бизнесті дамыту, сондай-ақ отандық өнімдерді кеңінен насихаттау.
Көрмеге еліміздің әр өңірінен шамамен 600 кәсіпорын қатысып, өз өнімдерін ұсынады. Сондай – ақ , 30 000 – ға жуық келуші күтілуде. Алматы облысынан 25 кәсіпкер , атап айтқанда , «Таза » брендымен танымал «LTS Kazakhstan» , балалар жөргегін шығаратын «Sachiko-Olzha», демалыс қызметін ұсынатын «Я тут» , автоматтандыру және цифрлық , яғни жасанды интелектті қолданысқа енгізген кәсіпорын «Medicare International» жоғарғы және төменгі аяқ-қолдарды протездеудің заманауи технологияларын және басқа кәсіпкерлер өз тауарларын ұсынбақ. Өңір кәсіпкерлері азық-түлік өндірісі, жеңіл өнеркәсіп, медицина, туризм , үй жиһазы, құрылыс материалдары мен өнеркәсіп өнімдерін өндірушілер және қызмет көрсету салалары бойынша жетістіктерін көрсетеді.
Іс -шара барысында келушілер отандық өнімдердің сапасымен танысып қана қоймай, кәсіпкерлермен тікелей байланыс орнатуға мүмкіндік алады. Сонымен қатар, көрме аясында мемлекеттік қолдау шаралары, оның ішінде субсидиялау және кепілдендіру құралдары туралы кеңінен ақпарат беріледі.
Аталған құралдар кәсіпкерлерге өз бизнесін дамытуға , жаңа жобаларды іске асыруға және өндіріс көлемін арттыруға зор мүмкіндік береді. Бұл бағытта Даму Қоры тарапынан көрсетілетін қолдау отандық бизнестің тұрақты дамуына серпін беруде.
«Ұлттық Өнім» көрмесі тек таныстыру алаңы емес, ол импортты алмастыру саясатына да үлес қосады. Яғни, отандық өнімдерді насихаттау арқылы ішкі нарықтағы шетелдік тауарларға тәуелділікті азайтуға бағытталған. Жас кәсіпкерлер үшін өте маңызды:
— өз брендін алғаш рет таныстыруға
— нарыққа шығуға
— инвесторлар мен серіктестер табуға мүмкіндік береді. Ал, Мемлекеттік қолдау туралы нақтырақ келсек, Даму Қоры арқылы кәсіпкерлер:
- пайыздық мөлшерлемені субсидиялау
- несиеге кепілдік алу
- бизнесін кеңейтуге қаржылық қолдау
сияқты мүмкіндіктерге ие болады
Мұндай көрмелер өңірлік кәсіпкерлерді танытып қана қоймай:
- ішкі туризмді дамытады
- аймақтық өнімдерді брендке айналдырады
- жаңа жұмыс орындары ашылады
- шағын бизнес күшейеді
- халықтың отандық өнімге сенімі артады
«Ұлттық Өнім» көрмесі – отандық кәсіпкерлер үшін жаңа мүмкіндіктер алаңы ғана емес, сонымен қатар халыққа «Қазақстанда жасалған» сапалы өнімдерді таныстырудың тиімді тетігі болып саналады.



