⛅
9°C
Қонаев
Жұма, Сәуір 17, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Ұлы дала мұрасы

    17.04.2026
    in Барлық жаңалықтар
    Ұлы дала мұрасы
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Халықаралық ескерт­кіштер мен тарихи орын­дарды қорғау күніне орай, «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында мерекелік іс-шара өтті. Еліміздің тарихи-мәдени мұрасын қорғау, сақтау ісіне жауапты сала өкілдері мен ғалымдар алқалы жиында пікір алмасып, тәжірибесімен бөлісті.

    Кешегі күннің мол мұрасынан хабар беріп, ел мен жердің тарихын, ұлттың мәдениеті мен өркениетін танытар тарихи орындар мен ескерткіштерді қорғау, көздің қарашығындай сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу – мемлекет пен қоғам алдындағы үлкен борыш. Осы игі жолда аянбай еңбек етіп, музей ісін дамытуға және насихаттауға атсалысып жүрген жандар баршылық.
    «Бүгінгі кездесуімізге тарих саласын тереңнен зерттеп, еліміздің баға жетпес асыл қазынасы – кешегі күннің жәдігерлерін жаңғыртып, ұлттық құндылықтарымызды дәріптеуге үлес қосып жүрген білікті ғалымдар мен сала мамандары арнайы қатысып отыр. Бұл – біз үшін үлкен мәртебе. «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының құрамында Есік қорымы, Рахат қала жұрты, ортағасырлық Талғар қалашығы сынды тарихи-мәдени ескерткіштер бар. Тарихи мұраны сақтау – тек бір мекеменің ғана емес, барша қоғамның ортақ міндеті. Өйткені өткенін құрметтеген елдің ғана болашағы баянды болмақ», – деген «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы директорының міндетін уақытша атқарушы Әзімхан Қойлыбаев жиналған көпшілікті мерекемен құттықтап, тарихи-мәдени мұраларды қорғау ісіндегі музей-қорықтың атқарып отырған жұмыстарына тоқталды. Сондай-ақ Ә.Марғұлан атындағы Археология институтының жетекші ғылыми қызметкері, PhD докторы Ералы Ақымбек, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті тарих факультетінің деканы, тарих ғылымдарының докторы Досбол Байқонақов, Алматы облыстық тарихи-мәдени мұраны қорғау жөніндегі орталықтың жетекшісі Талғат Абылаев жүрекжарды лебізін білдіріп, ескерткіштердің маңызы жайлы сөз қозғады.
    Мерекелік кездесу бір емес, бірнеше іс-шараның басын құрады. Қонақтар алдымен «Есік» музей-қорығында Ұста Дәркембай атындағы қолөнер музейінің «Қазақ халқының тері және ағаш бұйымдары» көрмесі мен Есік археологиялық-өлкетану музейінің «Көне дәуір» атты көрмесін тамашалады. Есік археологиялық-өлкетану музейінің қызметкері Бота Қарғабайқызы аудан тарихы туралы кеңінен баяндады. Сонымен қатар «Остров Крым» зертханасының сәулетші-маманы А.Шадяров тарихи-мәдени мұраны қалпына келтіру, «Есік» музей-қорығының ғалым-хатшысы М.Тынайқұлова музей жұмысын жасанды зерде арқылы насихаттау туралы тәжірибелерімен бөлісіп, арнайы дәріс оқыды. Дәріс соңында «Есік» музей-қорығының француз тіліндегі жолнұсқаулығы таныстырылды.
    2026 жылдың 1 сәуірінде Жамбыл ауданы аумағынан табылған хум сынықтарын «Есік» музей-қорығының бас суретшісі Дәулет Бектеміров пен ғылыми қызметкер Халуаддин Мөңкебаев қалпына келтірген. Іс-шара аясында сол жәдігерді облыстық тарихи-мәдени мұраны қорғау жөніндегі орталығына табыстау рәсімі өтті.
    «Ұзынағаш ауылынан табылған хум ыдыстарының сынықтарын алып келгенде онда бастапқыда үш хум делінген еді. Қайта қалпына келтіру барысында үш емес, төрт хум мен бір құмыра барын көріп отырмыз. Бүгінде бір хум толық дайындалды. Тағы екеуі нобайға келіп қалды. Бөлшектер өте ұсақ және толық емес. Сондықтан құрастыру да қиындық тудырып отырғаны анық», – дейді «Есік» музей-қорығы директорының орынбасары Досым Зікірия.
    Мереке аясында қонақтарға Наурыз дастарқаны жайылды. Қонақтар «Есік» музей-қорығының экспозициялық залдары мен обаларына экскурсия жасап, ел мен жер тарихына терең бойлап қайтты.

    Құралай Мұратқызы

    Еңбекшіқазақ ауданы

    Соңғы жаңалықтар

    Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Ұлттар Ұйымын реформалау мәселесіне жауапкершілікпен қарауға шақырды
    17.04.2026
    Басым бағыттар сараланды
    17.04.2026
    Шаңырақ шаттығы
    17.04.2026
    Біз Сашаға ораламыз
    17.04.2026
    Ұлы дала мұрасы
    17.04.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>