⛅
26°C
Қонаев
Бейсенбі, Сәуір 30, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Үздік түлектерге – мемлекеттік қызметке жаңа мүмкіндік

    30.04.2026
    in Барлық жаңалықтар, Мемлекеттік қызмет
    Үздік түлектерге – мемлекеттік қызметке жаңа мүмкіндік
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Қазақстанда мемлекеттік қызметке кіру жүйесін жетілдіру және білікті жас мамандарды тарту бағытында нақты қадамдар жүзеге асырылуда. Соның бірі – жоғары оқу орындарының үздік түлектерін конкурссыз негізде мемлекеттік қызметке қабылдау тетігі.

    Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 15-бабы 6-тармағына сәйкес, мемлекеттік грант негізінде білім алып, оқуын жоғары нәтижемен аяқтаған азаматтар бір жыл ішінде конкурссыз «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналаса алады. Бұл мүмкіндік, негізінен, аудандық және ауылдық деңгейдегі мемлекеттік органдардағы төменгі және басшылық емес лауазымдарды қамтиды.

    Атап айтқанда, аудан әкімдіктері мен мәслихат аппараттары, ауылдық округ әкімдері аппараттары, сондай-ақ орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінде қызмет атқаруға жол ашылады.

    Аталған норманы іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 2023 жылғы 11 ақпандағы №38 бұйрығымен нақты талаптар белгіленді. Соған сәйкес, үміткердің үлгерім көрсеткіші (GPA) 3,33-тен төмен болмауы тиіс.

    Жастарды мемлекеттік қызметке тарту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Мәселен, 2025 жылы Алматы қаласы мен Алматы облысында ауқымды ақпараттық-түсіндіру іс-шаралары ұйымдастырылды. Департамент қызметкерлері жоғары оқу орындарында 4-курс студенттерімен 14 кездесу өткізді.

    Кездесулер SDU University, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті, Алматы технологиялық университеті, Almaty Management University, Нархоз университеті және Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінде өтті.

    Жалпы, кездесулерге 1000-нан астам студент қатысып, мемлекеттік қызметке орналасудың жаңа мүмкіндіктері, талаптары мен мансаптық даму жолдары жөнінде жан-жақты ақпарат алды.

    Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде оң динамика қалыптасты. 2023–2025 жылдар аралығында 61 түлек конкурссыз негізде мемлекеттік қызметке қабылданса, 2025 жылдың сәуір айын қоса алғанда тағы 9 түлек жұмысқа орналасты.

    Бүгінде мемлекеттік грант негізінде жоғары оқу орнын GPA 3,33-тен жоғары көрсеткішпен аяқтаған 70 үздік түлек аудандық және ауылдық деңгейдегі мемлекеттік органдарда еңбек етуде.

    Сонымен қатар, түлектермен жеке түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, олардың байланыс деректері жергілікті атқарушы органдарға жолданды. Бос жұмыс орындарын толықтыру мақсатында 4 бос орындар жәрмеңкесі ұйымдастырылып, оған студенттер мен жас мамандар белсенді қатысты.

    «Жастар – мемлекеттік қызметтің болашағы» бастамасы Мемлекет басшысының мемлекеттік қызметке кірудегі артық кедергілерді жою жөніндегі тапсырмасы аясында жүзеге асырылуда. Оның басты мақсаты – талантты жастарды мемлекеттік басқару жүйесіне тарту және өңірлердегі кадрлық әлеуетті нығайту.

    Бүгінде бұл тетік өзінің тиімділігін дәлелдеп отыр. Жоғары үлгерім көрсеткен түлектер үшін мемлекеттік қызметке жол ашылып, ел дамуына үлес қосатын жаңа буын қалыптасуда.

    Арын Самал Тынысбекқызы

     Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызмет басқармасының бас маманы

    Соңғы жаңалықтар

    Үздік түлектерге – мемлекеттік қызметке жаңа мүмкіндік
    30.04.2026
    QOSTANAI TECH Қостанай облысының цифрлық трансформация көшбасшыларының бірі ретіндегі мәртебесін растады
    30.04.2026
    Қазақша әріп таныған
    30.04.2026
    Этнос басылымдары
    30.04.2026
    Тіл саясатының тиімді бағыттары қандай?
    30.04.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>