☀️
18°C
Қонаев
Бейсенбі, Сәуір 2, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Әдебиет

    Жаңарған кітапхана

    02.04.2026
    in Әдебиет, Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Білім-ғылым, Идеология, Инфрақұрылым, Мәдениет
    Жаңарған кітапхана
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    «Адамды адам еткен – кітап, адамзат еткен – кітапхана» дейді қазақтың Әбіші. иә, кітапхана – үнсіз жатқан қазына әлемі. Оның қойнауындағы баға жетпес байлықты кез келген адам уысына түсіре алады. Тек бағалай білсе, көре білсе жеткілікті. Оның табалдырығын аттаған сәтте-ақ адам басқа бір кеңістікке енгендей күй кешеді. Мұнда әр кітап – бір тағдыр, әр парақ – бір өмір. Сөрелерде тізілген кітаптар өткен мен бүгінді жалғап, болашаққа жол сілтейді. Тек білім ордасы ғана емес, ол – ойдың мекені, рухтың тынысы. Мұнда адам өзін табады, ойын тереңдетеді, жүрегін байытады. Тың тыныштықтың өзінде сыр бар: ол – ізденістің, толғаныстың, жаңалық ашудың үні.

    Қарадаланың кітапсүйер қауымы күні кеше қуанышты жаңалықтың куәгері болды. Аудан орталығы Шонжыдағы әл-Фараби атындағы кітапхана жаңашыл сипатқа еніп, жаңғырту жұмыстарынан өтті. Осыған орай салтанатты ашылу шарасы болды. Кітапхана ауласына әдеттегіден көп халық жиналды. Бұл кітап пен кітапханаға деген құрметтің азаймағанын білдірсе керек.

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылы Атырау қаласында өткен Құрылтайда: «Біз, ең алдымен, жастарды кітап оқуға баулуымыз керек. Сонда жаппай кітап оқитын ұлтқа айналамыз. Тәуелсіздік кезеңінде елімізде кітапхана ісі кенжелеп қалды. Кітапхана – мемлекеттің, ұлттың негізгі жады. Еліміз үшін құнды тарихи деректер мен материалдардың дені кітапханада сақталады. Сондықтан кітапхана ісін дамытуға бей-жай қарауға болмайды» – деген болатын. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында облыстық бюджеттен қаржы бөлініп, әл-Фараби атындағы аудандық кітапханаға модернизация жұмыстары жүргізілді. Оған қазынадан 381 100 000 мың бөлінген болатын. Өткен жылы «Consulting Company KZ» ЖШС-мен келісімшарт жасалып, жұмыстар қолға алынған еді. Көктемнің жаймашуақ күнінде жұмыстар толығымен аяқталып, кітапсүйер қауымға модернизациядан өткен, жаңаша тұрге енген кітапхана есігін айқара ашты.

    Алғашқы құттықтау сөзге шыққан аудан әкімі Бота Елеусізова Қарадаланың кітапқұмар қауымын осы қуанышпен құттықтап, болашақта кітапханада оқырман саны артып, еліміздің дамуына үлес қосар ұл-қыздарымыздың көп болуын тіледі. Ал Алматы облыстық орталық әмбебап кітапханасының директоры Ғалия Тоқабаева болса облыс аумағындағы кітапхананың бүгінгі күнде санаулысы ғана соындай модернизациядан өткенін, соның ішінде Ұйғыр ауданындағы орталық кітапхана алғашқылардың бірі екенін мақтанышпен жеткізді. «Осыған дейін тек Қонаев қаласындағы кітапхана заманауи кейіпке енсе, енді міне Ұйғыр ауданындағы кітапхана модернизациядан өтті. Алдағы күндері Қарасай ауданындағы Жандосов кітапханасы мен Шелек ауылындағы кітапхананың ашылулары болмақ» – деп атап өтті. Бұл жақсылықтың барлығы Мемлекет басшысының «Оқитын ұлт» жобасы аясында жүзеге асып жатқан игі істер екенін де айта кетті.

    Мұнан соң жоба авторы Лия Ким, театр және кино актері, Құддыс Қожамияров атындағы Мемлекеттік республикалық ұйғыр музыкалық комедия театрының директоры Мұрат Ахмадиев, Алматы облыстық жастар орталығының директоры Мақсат Кенешевтер сөз алды.

    Кимешегін киіп, сән-салтанаты жарасып келген әжелердің шашуынан кейін келген қонақтар кітапхананы аралап танысты. Бірінші қабатта балалар бөлімі мен конференция залы орналасыпты. Балалар залы ерекше көз тартарлықтай жасалған. Балаларға арнайы қызмет көрсететін орын да, оларға арналған жаңа кітаптар бөлімі де көздің жауын алады. Кіріп келгенде кітап пен кітапхана әдемінің сиқырына бірден елітіп кетерліктей. Екінші қабатта әртүрлі саланың мамандары, студенттер, фрилансерлер, стартаптар немесе шығармашылық топтар үшін ортақ пайдалануға ыңғайлы жұмыс кеңістігіне арналған Коворкинг орталығы орналасқан. Сондай-ақ оқу залы, интернет залдары да осындай. Тағы бір қуанарлығы енді аудандық кітапханадағы кез келген кітапты оқырмандар электронды нұсқада да оқи алады. Кітапханадағы кітап қорын толықтыру және сақтау бөлімі енді арнайы сканер аппаратының көмегімен сіз қалаған шығарманың электронды нұсқасын дайындап береді. Бұған дейін мұндай құрылғы тек үлкен кітапханаларда ғана болған еді.

    Модернизациядан өткен кітапхана – бұл енді тек кітап сақталатын орын ғана емес, бұл – білім мен ізденістің, шығармашылық пен заманауи дамудың орталығына айналды. Жаңа кітапхана қазіргі таңда 100 орын оқырманға қызмет ете алады. Кітапханаға жылына 8 мыңға жуық оқырман келеді екен. Оның 3400-і балалар. Кітап қоры жылына 3000-ға дейін жаңа кітаптармен толығып отырады. Қазіргі  кезде қорда 68323 кітап бар екен. Алдағы уақытта жаңа кітапханамызда оқырмандар мен кітап саны артып, аудан тұрғындарының игілігіне қызмет етеді деген сеніміміз мол.

    Анар ДҮЙСЕНБАЙҚЫЗЫ

    Ұйғыр ауданы

     

    1 of 4
    - +

    1.

    2.

    3.

    4.

    Соңғы жаңалықтар

    Жаңарған кітапхана
    02.04.2026
    Шаруалар өтініші ескеріледі
    02.04.2026
    Алматы облысы мен Қытайдың Шэньси провинциясы арасындағы байланыс нығаяды
    02.04.2026
    Алматы облысында әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы өтті
    02.04.2026
    Алматы облысында «Таза бейсенбі» акциясы барысында 35 тонна қоқыс полигонға жөнелтілді
    02.04.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>