⛅
24°C
Қонаев
Сейсенбі, Мамыр 19, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Мұхтар Әуезовтің тоғызқұмалақ ойнап отырған фотосы табылды

    19.05.2026
    in Барлық жаңалықтар, Мәдениет, Спорт
    Мұхтар Әуезовтің тоғызқұмалақ ойнап отырған фотосы табылды
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Ұлт руханиятының алыбы, қазақ әдебиетінің классигі Мұхтар Әуезов бейнеленген сирек фотосурет табылды. Көпшілікке бұрын беймәлім болып келген бұл тарихи кадрда қаламгердің қазақтың ұлттық зияткерлік ойыны — тоғызқұмалақ ойнап отырған сәті көрініс тапқан.

    Бұл фото тек бір тұлғаның бейнесі ғана емес, қазақ мәдениеті мен ұлттық мұрасының терең байланысын айғақтайтын құнды дерек. Суреттен Мұхтар Әуезовтің ұлттық өнер мен дәстүрге деген жақындығын, халқымыздың интеллектуалдық құндылықтарына деген құрметін аңғаруға болады.

    Дүниежүзілік тоғызқұмалақ федерациясының президенті, қоғам және мемлекет қайраткері Әлихан Байменовтің айтуынша, фотосурет 1950 жылы түсірілген. Қазіргі таңда суреттің түпнұсқасы мен түсірілген орнына қатысты зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

    “Бұл жаңалықтың маңызы тоғызқұмалақ әлемі үшін де, тұлғалардың бойындағы мәдени сабақтастықты қалыптастыру үшін де, әуезовтану әлемі үшін де, жалпы зерттеулер үшін де өте маңызды. Әрине біз Мұхтар Әуезовтің тоғызқұмалақ ойнын қайта жандандыруға қосқан үлесін білетінбіз. Кеңестік идеология қысымымен, жалпы ұлттық руханият, соның ішінде тоғызқұмалақ жоғалып кетер тұста Мұхтар Омарханұлы мен Қалибек Қуанышбаев бастап, ойынның ережелерін қайта жаңғыртып, жарыстар өткізген. Енді осының бейне дәлелі табылып отыр. Бұған дейін құжаттардан білдік те, біз айтып отырған суреті болмап еді”,– дейді Әлихан Байменов.

    Ойыншылардың аты бейнеленген фотосуретте Мұхтар Әуезов, оның тоғызқұмалақтағы қарсылас ойыншысы және түрегеліп тұрған бақылаушы мен тоғызқұмалақ тақтасы бейнеленген. Ойын барысында тараптардың ойланып отырған сәттегі фотобейненің астына “1950 жыл” деп белгі қойылған.

    “Бұл фотосурет үшін “Алматыкітап” баспасының қызметкерлеріне алғыс айтамыз. Сондағы тоғызқұмалақ жанашырлары осы бейнесуретті тауып, Қазақстан тоғызқұмалақ спорты федерациясының вице-президенті, Binom мектептер желісінің басшысы Шолпан Қадыроваға хабарласып, сүйіншілеген. Мұның біздің қолымызға тигеніне екі-үш күн ғана болды”,– дейді Дүниежүзілік тоғызқұмалақ федерациясының президенті Әлихан Байменов.

    Жетісу облысының орталығы Талдықорған қаласында тоғызқұмалақ ардагерлері арасында республикалық турнир өтіп жатыр. Еліміздің барлық өңірінен жүздеген тоғызқұмалақ қайраткерлері мен ардагерлері жиналған шараның ашылу салтанатында белгілі спорт журналисі, Алматы облысының құрметті азаматы, Тәуелсіз Қазақстан тоғызқұмалақ спорты федерациясының тұңғыш президенті, биыл 75 жас мерейтойын атап өтіп жатқан Несіп Жүнісбайұлына осы фотосурет естелік ретінде сыйға берілді.

    Тоғызқұмалақ — халқымыздың ғасырлар бойы жалғасқан зияткерлік мұрасы. Ал оны Мұхтар Әуезов секілді ұлы тұлғаның ойнап отырған сәті ұлттық тарихымыз үшін ерекше жаңалық. Алдағы уақытта фотосуретке қатысты тың мәліметтер мен зерттеу нәтижелері жарияланатын болады.

    Қазақстан Тоғызқұмалақ спорты федерациясының Баспасөз қызметі

     

    1 of 3
    - +

    1.

    2.

    3.

    Соңғы жаңалықтар

    Алматы облысында алғаш рет MitraClip әдісімен бірегей жүрек отасы жасалды
    19.05.2026
    Мұхтар Әуезовтің тоғызқұмалақ ойнап отырған фотосы табылды
    19.05.2026
    Балалар қауіпсіздігі – басты назарда!
    19.05.2026
    Жастарға жол ашық
    19.05.2026
    Балаға көңіл бөлесіз бе?
    19.05.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>