⚠️ Ауа райы табылмады.
Сәрсенбі, Мамыр 20, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Зейнетақы жинағын есептеудің жаңа әдістемесі

    20.05.2026
    in Барлық жаңалықтар
    Зейнетақы жинағын есептеудің жаңа әдістемесі
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Зейнетақы жинағы адамның зейнетке шыққан­нан кейін тұрақты табыспен қамтылуын қамтамасыз етеді. Ол арқылы азаматтарға қартайған шақта қаржылық тұрақтылық пен қажетті төлемдерге кепілдік беріледі. Бұл әсіресе жас қазақстандықтар үшін маңызды. Өйткені олардың болашақ зейнетақысы мемлекеттік базалық зейнетақыдан және зейнетақы жарналары есебінен қалыптасатын жинақтаушы бөліктен тұрады.

    Бүгінгі қолданыстағы зейнетақы жинағын есептеу әдістемесі мөлшерлі шектен асатын жинақтардың бір бөлігін алуға мүмкіндік береді. Ол жас азаматтың алдағы уақытта міндетті зейнетақы жарналарын тұрақты түрде аударып, зейнет жасына дейін ең төменгі зейнетақыға жеткілікті соманы жинайды деген болжамға негізделген. Алайда бұл модель нақты өмірлік жағдайларды ескере бермейді, яғни адамның зейнет жасына дейін тұрақты жұмысы мен табысы бола ма, жоқ па деген мәселе ашық күйінде қалып отыр. Осы себепті ең төменгі жеткіліктілік шегін айқындау әдістемесін қайта қарау туралы шешім қабылданды. Ұсынылып отырған өзгерістердің негізгі мәні – азамат бүгін жинақтарының бір бөлігін пайдаланған жағдайда да, болашақта лайықты зейнетақы алу үшін жеткілікті қаражат көлемін сақтап қалуын қамтамасыз ету.
    Мысалы, 46 жастағы салымшының зейнетақы жинақтары 11 млн теңгені құрайды делік. Қолданыстағы шек 7,8 млн теңге болғандықтан, ол бүгін 3,2 млн теңгені ала алады. Бұл жағдайда оның БЖЗҚ-дан алатын зейнетақысы небәрі 42 мың теңгені құрайды. Егер ол осы артық жинақтарын қазір алмаса, болашақта алатын зейнетақысы шамамен үш есеге жоғары болады.
    Шекті мәндердің ұлғаюы соңғы үш жыл ішінде ең төменгі жеткіліктілік шегінің қайта қаралмағанымен де байланысты. Жаңа есептеу әдістемесі неғұрлым дәл әрі экономикалық тұрғыдан негізделген актуарлық тәсілге сүйенеді. Ол күтілетін өмір сүру ұзақтығын, инвестициялық табыстылықты және болашақ зейнетақы төлемдерінің мақсатты деңгейін ескереді.
    Бір есте ұстарлық жайт, зейнетақы жинақтары кез келген уақытта ағымдағы шығындарға жұмсай салатын депозит емес. Мемлекет азаматтардың ұзақ мерзімді мүдделерін жүйелі түрде қорғайды, адамдардың қартайғанда өзін қаржылық тұрғыдан сенімді сезінуі үшін жағдай жасайды.

    Айдынжан Нарматов,
    ҚР ЕжХӘҚМ Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің

    Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы

    Соңғы жаңалықтар

    «Түнгі қаладағы балалар»: Алматы облысында үш күндік рейд қорытындыланды
    20.05.2026
    Алматы облысының спортшылары республикалық Кубокта жоғары нәтиже көрсетті
    20.05.2026
    Жастар стартапы — жаңа серпін
    20.05.2026
    Зейнетақы жинағын есептеудің жаңа әдістемесі
    20.05.2026
    Жаңа дәуірге – жарқын қадам
    20.05.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>