Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / Алатау қаласында суға шомылу маусымына орай ескерту тақталары орнатылды

Алатау қаласында суға шомылу маусымына орай ескерту тақталары орнатылды

287 қаралым

Жазғы шомылу маусымының басталуына байланысты Алатау қаласының аумағындағы су айдындары маңына қауіпсіздік шараларын күшейту мақсатында арнайы ескерту тақталары орнатылды.

Аталған тақталарда азаматтарға суға шомылуға тыйым салынғаны туралы ақпарат көрсетілген. Бұл шара тұрғындардың өмірі мен денсаулығын сақтау, сондай-ақ судағы жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында жүзеге асырылуда.

Алатау қаласының әкімдігі тұрғындарды қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға, белгіленбеген және рұқсат етілмеген орындарда суға түспеуге шақырады. Әсіресе ата-аналарға балаларды қараусыз қалдырмау және олардың су айдындарына жақындауын бақылауда ұстау қажеттігін ескертеді.

Қауіпсіздік ережелерін сақтау – әр азаматтың жауапкершілігі. Өз өміріңіз бен жақындарыңыздың амандығына бейжай қарамаңыз.

↑