Перейти к содержимому
Главная страница » Заң мен тәртіп — қоғамды нашақорлықтан сақтаудың кепілі

Заң мен тәртіп — қоғамды нашақорлықтан сақтаудың кепілі

Қазіргі таңда нашақорлық мәселесі қоғам үшін ең өзекті қауіптердің біріне айналып отыр. Бұл – тек жеке адамның емес, тұтас отбасының, тіпті мемлекеттің болашағына кері әсер ететін үлкен дерт. Есірткіге тәуелділік адамның денсаулығын бұзып қана қоймай, оның өмірлік мақсатын, арманын және қоғамдағы орнын жоғалтуына себеп болады.

Әсіресе жастар арасында нашақорлықтың алдын алу – баршамыздың ортақ міндетіміз. Жас ұрпақтың саналы, білімді әрі дені сау болып өсуі еліміздің жарқын болашағының кепілі. Сондықтан әрбір ата-ана, ұстаз және қоғам белсендісі жастарға дұрыс бағыт-бағдар беріп, зиянды әдеттердің салдарын түсіндіруі қажет.

Мемлекет басшысы ұсынған «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында қоғамда құқықтық мәдениетті қалыптастыру және есірткі қылмыстарына қарсы күресті күшейту маңызды. Заң талаптарын сақтау, салауатты өмір салтын насихаттау және жастарды спорт пен білімге баулу арқылы ғана бұл індеттің алдын ала аламыз.

Алатау қаласының тұрғындарын нашақорлыққа қарсы күресте белсенді болуға, салауатты өмір салтын ұстануға және жастар тәрбиесіне ерекше көңіл бөлуге шақырамын. Болашағымыздың баянды болуы – бүгінгі таңда қабылдаған дұрыс шешімдерімізге байланысты.

Біз бірлесе әрекет еткенде ғана нашақорлыққа тосқауыл қойып, қауіпсіз әрі дені сау қоғам қалыптастыра аламыз.