Жуырда Ұйғыр аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен колледж студенттері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында анонимді сауалнама жүргізілді. Іс-шара жастардың құқықтық санасын нығайтуға, адалдық пен әділдік қағидаттарын дәріптеуге және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытындағы жұмыстарды жетілдіруге арналды.
Сауалнаманың негізгі мақсаты – студенттердің сыбайлас жемқорлыққа қатысты көзқарасын анықтау, олардың құқықтық сауаттылық деңгейін бағалау және қоғамда адалдық құндылықтарын орнықтыруға бағытталған ұсыныстарды жинақтау болды. Зерттеу анонимді түрде өткізілгендіктен, қатысушылар өз пікірлері мен ойларын ашық әрі еркін жеткізуге мүмкіндік алды.
Сауалнама қорытындысында студенттердің ұсыныстары мен пікірлері жинақталып, оларды талдау нәтижелері оқу орнында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі жұмыстарды жетілдіруге негіз болмақ. Сонымен қатар, мұндай іс-шаралар білім беру ұйымында ашықтық пен әділдік қағидаттарын нығайтуға, студенттердің құқықтық мәдениетін арттыруға және азаматтық жауапкершілігін қалыптастыруға ықпал етеді.
Жастар арасында адалдық пен әділдік құндылықтарын насихаттау – сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің маңызды бағыттарының бірі. Сондықтан осындай профилактикалық іс-шараларды жүйелі түрде өткізу өскелең ұрпақтың бойында парасаттылық мәдениетін қалыптастырып, олардың саналы, жауапты әрі заңды құрметтейтін азамат болып өсуіне оң әсерін тигізеді. Адалдық пен әділдікке негізделген қоғам құру – баршамыздың ортақ міндетіміз.
Анар Дүйсенбайқызы
Ұйғыр ауданы


