Перейти к содержимому
Главная страница » Алматы облысында биыл 6 айда атқарылған тұтынушылардың құқықтарын қорғау жұмыстары қорытындыланды

Алматы облысында биыл 6 айда атқарылған тұтынушылардың құқықтарын қорғау жұмыстары қорытындыланды

Алматы облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінде 2026 жылдың I жартыжылдығында атқарылған жұмыстардың қорытындысы бойынша брифинг өтті.

Есепті кезеңде Департаментке 2 680 өтініш келіп түсті. Бұл көрсеткіш 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда екі еседен астам өскен. Өтініштердің басым бөлігі электрондық сауда, тұрмыстық қызметтер, білім беру және коммуналдық қызметтер саласына қатысты болды.

Есепті кезеңнің қорытындысы бойынша:

✅ 90 жоспардан тыс тексеру жүргізілді;

✅ 2 476 066 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды;

✅ Тұтынушыларға 51 млн теңгеден астам қаражат қайтарылды.

Департаменттің басты мақсаты – азаматтардың бұзылған құқықтарын қалпына келтірумен қатар, құқық бұзушылықтардың алдын алу және кәсіпкерлердің заң талаптарын сақтауын қамтамасыз ету.

Алматы облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті тұтынушылардың құқықтарын қорғау бағытындағы жүйелі жұмыстарын алдағы уақытта да жалғастырады. Азаматтар құқықтары бұзылған жағдайда уәкілетті органға жүгініп, заң аясында қажетті құқықтық көмек ала алады.

Дина Сенбаева, ҚР Сауда және интеграция министрлігінің Алматы облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің бас маманы