Перейти к содержимому
Главная страница » Апатты жағдайда деп танылған көпірді су шайып кетті

Апатты жағдайда деп танылған көпірді су шайып кетті

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданындағы Үлкен Алматы каналы (БАК) бойындағы автожолда орналасқан ескі көпірді су шайып кетті. Түрген өзені арқылы өтетін автомобиль жолының 54-шақырымындағы көпір 2024 жылы апатты жағдайда деп танылған болатын. Осыған байланысты көпір арқылы көлік қозғалысына шектеу енгізілген.
Әкімдіктің берген мәліметіне жүгінер болсақ, 2026 жылғы 1 шілдеде жауын-шашынның мол түсуіне байланысты Түрген өзеніндегі су деңгейі көтеріліп, соның салдарынан апатты жағдайдағы көпірдің маңындағы топырақ шайылған.
Апатты көпірді ауыстыру мақсатында жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды және жобаға қажетті қаржы қарастырылды.
Мемлекеттік сатып алу қорытындысы бойынша мердігер ұйым анықталды. Мердігер құрылыс-монтаж жұмыстарына 10 шілдеден бастап кіріседі. Аталған жағдай облыс әкімдігінің тұрақты бақылауында.