Балқаш ауданында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айқындаған «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар тұрақты жалғасуда. Осы мақсатта Балқаш ауданы әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Азат Құтпанбетовтың қатысуымен аппараттық жоспарлы кеңес өтті.
Жиында аудандағы мекеме-бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері және жауапты сала мамандары бас қосты. Кеңесте қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқықбұзушылықтың алдын алу, заң үстемдігін сақтау, тұрғындармен кері байланысты күшейту және мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимылды жетілдіру мәселелері жан-жақты талқыланды.
Аудан басшысы Азат Үкітайұлы өз сөзінде заң талаптарының бұлжытпай орындалуы мен азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі екенін атап өтті. Сондай-ақ жауапты мекемелерге профилактикалық іс-шараларды жүйелі ұйымдастыруды, тұрғындардың құқықтық мәдениетін арттыруды және қоғамдағы құқықтық тәртіпті нығайту бағытындағы жұмыстарды күшейтуді тапсырды.
Кеңес қорытындысы бойынша көтерілген мәселелерге қатысты нақты міндеттер айқындалып, жауапты бөлім басшылары мен ауылдық округ әкімдеріне тиісті тапсырмалар жүктелді. Берілген тапсырмалардың орындалуы аудан басшысының тұрақты бақылауда болады.
Алтынай СЕЙІТКЕН
Балқаш ауданы


