Ұйғыр ауданы Қырғызсай ауылдық округіндегі ауыл мешітінде «Заң және тәртіп» тақырыбында түсіндіру кездесуі өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру, қоғамдағы тұрақтылық пен бірлікті нығайту, сондай-ақ заң талаптарын сақтаудың маңызын кеңінен түсіндіру болды.
Кездесу барысында қоғамдағы татулық пен ауызбіршілікті сақтау, жастарға дұрыс тәрбие беру, құқық бұзушылықтың алдын алу және әрбір азаматтың заң алдындағы жауапкершілігі мәселелері жан-жақты сөз болды. Қатысушыларға құқықтық тәртіптің сақталуы – елдің тыныштығы мен қауіпсіздігінің басты кепілі екені түсіндірілді.
Өз сөзінде имам заң мен тәртіпті сақтау – әрбір азаматтың азаматтық әрі адамгершілік борышы екенін атап өтті. Сондай-ақ, қоғамдағы бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау әр адамның өз ісіне жауапкершілікпен қарауынан басталатынын жеткізді. Жамағат заң талаптарын құрметтеуге, қоғамдық тәртіпті сақтауға, жастарға өнегелі тәрбие беруге және ұлттық құндылықтарды дәріптеуге шақырды.
Бүгінде құқықтық мәдениетті қалыптастыру – қоғамның ортақ міндеттерінің бірі. Заңды құрметтеу, құқық бұзушылыққа жол бермеу және өзара сыйластықты нығайту – елдің дамуы мен қоғамдық келісімнің негізі. Осындай мазмұнды кездесулер тұрғындардың құқықтық санасын арттырып қана қоймай, мемлекет пен қоғам арасындағы өзара сенімнің нығаюына да ықпал етеді.
Кездесу соңында қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, пікір алмасты. Жиын барысында айтылған ойлар мен көтерілген мәселелер заң үстемдігін қамтамасыз ету, қоғамдық тәртіпті сақтау және ел бірлігін нығайту жолындағы ортақ жауапкершіліктің маңызын тағы бір мәрте айқындады.
Осындай түсіндіру шаралары алдағы уақытта да жалғасын тауып, тұрғындардың құқықтық мәдениетін арттыруға, қоғамдық тұрақтылық пен келісімді нығайтуға өз үлесін қоса береді.
Анар ДҮЙСЕНБАЙҚЫЗЫ
Ұйғыр ауданы


