Перейти к содержимому
Главная страница » Ауыл берекесі

Ауыл берекесі

ауыл шаруашлығы

Жамбыл ауданының Ақсеңгір ауылдық округіндегі «Берекелі ет» шаруа қожалығы астық жинау науқанын қарқынды жүргізуде. Мұнда күздік бидайды уақытылы жинап алу жұмысы ұйымдасқан түрде басталып, егін орағы белгіленген агротехникалық талаптарға сәйкес атқарылып жатыр.

Күзде егілген бидайдың шығымы биыл көңілдегідей болды. Аталған шаруашылық қажетті ауыл шаруашылығы техникаларымен толық қамтамасыз етілген. Соның арқасында пісіп тұрған дәнді төкпей-шашпай дер кезінде әрі сапалы жинауға мүмкіндік бар. Диқандар бір кісідей жұмыла еңбек етуде. Қожалық биылғы маусымда өсірген күздік бидайдан алынған өнімнің бір бөлігін экспортқа шығарды. Атап айтқанда, Қытай Халық Республикасына құрама-жем өндіруге арналған шикізат ретінде жөнелтіліп жатыр. Бұл өз кезегінде отандық ауыл шаруашылығы өнімдерінің сыртқы нарықтағы сұранысының артып келе жатқанын және шаруашылықтың экспорттық әлеуетінің жоғары екенін көрсетеді.
– «Берекелі ет» шаруа қожалығы алдағы уақытта да заманауи агро­технологияларды тиімді пайдаланып, өнім көлемі мен сапасын арттыру арқылы ауыл шаруашылығы саласының дамуына және өңірдің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін нығайтуға өз үлесін қоса бермек, – дейді Ақсеңгір ауылдық округінің әкімі Ержан Қасымшалов.

Серік САТЫБАЛДИЕВ

Жамбыл ауданы