Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / Дәрігерлер отбасы дауыс берді

Дәрігерлер отбасы дауыс берді

66 қаралым

Қонаевта өтіп жатқан Құрылтай сайлауында ерлі-зайыпты жас дәрігерлер өз таңдауын жасады. Отағасы Елемес Жарылқаптың мамандығы – хирург-уролог. Оның зайыбы Феризат Шалқарбекова акушер-гинеколог болып қызмет атқарады. Екеуі де Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасында облыс орталығы тұрғындарының денсаулығы жолында еселі еңбек етуде.
Жас дәрігерлердің азаматтық жауапкершілік танытып, сайлауға қатысуы – олардың ел болашағына бейжай қарамайтын азаматтық ұстанымның көрінісі. Елдің болашағы әр адамның жеке жауапкершілігінен басталады. Ол ел тағдырына бейжай қарамаудан, белсенді азаматтық ұстанымнан, Отанға деген құрметтен және қоғам өмірін жақсартуға деген ұмтылыстан көрінеді. Дәрігер мамандығы мен азаматтық жауапкершілікті де дәл осы құндылықтар тоғыстырады.
Медицина қызметкерлері үшін адамға қамқорлық жасау – тек кәсіби міндет қана емес, өмірлік ұстаным. Олар күн сайын пациенттердің денсаулығы мен өмірін қорғап, жауапты шешімдер қабылдайды, адамдарға көмек көрсетіп, ең қиын сәттерде де өз мамандығына адал болып келеді.
Құрылтай – азаматтардың үні естіліп, қоғам үшін маңызды мәселелер талқыланатын, Қазақстанның одан әрі дамуына бағытталған бастамалар қалыптасатын ашық диалог алаңы. .
Елдің болашағы әр адамның жеке жауапкершілігінен басталады. Ол – ел тағдырына бейжай қарамаудан, белсенді азаматтық ұстанымнан, Отанға деген құрметтен және қоғам өмірін жақсартуға деген ұмтылыстан көрінеді. Дәрігер мамандығы мен азаматтық жауапкершілікті де дәл осы құндылықтар тоғыстырады.
Елемес Абатұлы мен Феризат Талғатқызының жасаған таңдауы – еліміздің болашағына қосқан үлесі.

Айжарық Көптілеуов
Қонаев қаласы