Перейти к содержимому

Дауыс беруге кедергі жоқ

32 қаралым

Учаскелік сайлау комиссияларының маңызды міндетінің бірі – әрбір азаматтың сайлау құқығын толық қамтамасыз ету. Осыған байланысты мүгедектігі бар азаматтарға барлық жағдай жасалған. Бұған Қонаев қаласындағы орта мектеп-гимназияда орналасқан №947 сайлау учаскесіне барғанда көз жеткіздік.

«Сайлау учаскесінде талапқа сай пандустар орнатылып, арнайы кіреберістер қарастырылған. Арба пайдаланатын азаматтарға ыңғайлы дауыс беру кабиналары мен үстелдер қойылған. Көру қабілеті бұзылған азаматтар үшін Брайль қарпімен дайындалған ақпараттық материалдар мен арнайы трафареттер қолданылуда. Ал есту қабілеті бұзылған адамдарға қажетті жағдайда сурдоаудармашылардың көмегі ұсынылады. Сонымен қатар өз бетінше бюллетеньді толтыра алмайтын азаматтар өздері сенім білдірген адамның көмегіне жүгіне алады. Бұл ретте дауыс берудің құпиялығы мен заң талаптарының сақталуына ерекше мән беріледі, – деді №947 учаскелік сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Зарина Маратова.