Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / Джиу-джитсудан әлем чемпионы Нұрай Алтынбек Іле ауданында дауыс берді

Джиу-джитсудан әлем чемпионы Нұрай Алтынбек Іле ауданында дауыс берді

99 қаралым

Іле ауданында Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауға азаматтардың белсенді қатысуы жалғасуда.
Дауыс беру учаскесіне келіп, өз таңдауын жасаған сайлаушылардың қатарында джиу-джитсудан әлем чемпионы, Азия чемпионаттарының және халықаралық турнирлердің жеңімпазы Нұрай Алтынбек те бар. Қазақстанды халықаралық аренада абыроймен танытып жүрген атақты спортшы №763 сайлау учаскесінде дауыс беріп, өзінің белсенді азаматтық ұстанымын білдірді.
Әлемдік жарыстарда Қазақстанның Мемлекеттік Туын талай рет көкке көтерген спортшы үшін бұл күннің маңызы ерекше. Оның айтуынша, әр азаматтың маңызды шешімдерді қабылдауға қатысуы – елдің жарқын болашағының кепілі.
«Спортта әрбір нәтиже тәртіп пен күш-жігерді талап ететіні сияқты, сайлауға қатысу да – өз еліңнің алдындағы жоғары жауапкершіліктің көрінісі. Дауыс беру – еліміздің тұрақтылығы мен жарқын болашағына қосатын ортақ үлесіміз. Әрқайсымыз өз таңдауымызға жауапкершілікпен қарауымыз керек», – деді Нұрай.
Танымал спортшының азаматтық белсенділігі аудан тұрғындары мен жастарға патриотизмнің және ел болашағына жауапкершілікпен қараудың жарқын үлгісі болды.