Есірткі қылмысы да уақыт өте келе жаңа сипат алып келеді. Қазір есірткі тарату үшін интернет кеңістігін пайдалануға тырысатындар бар. Сондықтан онымен күрес тек көшедегі рейдпен шектелмейді.
Алматы облысында есірткінің заңсыз айналымына қарсы жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Мәселен, биыл «Қарасора» жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде Балқаш ауданында есірткі заттары тәркіленген.
Дегенмен есірткі қылмысымен күрестің ең маңызды бөлігі – жастарды оның зардабынан қорғау. Бұл жерде ата-ананың баласымен сөйлесуі, мұғалімнің оқушының мінез-құлқындағы өзгерісті байқап қалуы, ал қоғамның есірткі насихатына немқұрайлы қарамауы маңызды.
Тоғжан ЖОЛДЫҒАЛИ