Жамбыл аудандық мәслихатының депутаттары өздері тіркелген учаскелерде Құрылтай сайлауына байланысты таңдауларын жасады. Жергілікті мәслихаттың депутаты Сәуле Әлімқұлова да көпшілікпен бірге тиісті сайлау учаскесіне барып, өз дауысын берді. «Құрылтай сайлауы еліміз үшін маңызды күн. Бұл Қазақстанның болашағы үшін қажетті шара. Дауыс беру құқығына ие әрбір азамат мұны жақсы түсінуі тиіс. Бүгін мен де дауыс беру орнына келіп, Қазақстанның жаңа заң шығарушы органы үшін өз таңдауымды жасадым. Келер ұрпақ өркендеген, әділетті Қазақстанда өмір сүруі керек. Сол үшін жасалып жатқан саяси шаралардың маңызы зор, – дейді Жамбыл аудандық мәслихатының депутаты Сәуле Әлімқұлова.
Серік САТЫБАЛДИЕВ
Жамбыл ауданы