Перейти к содержимому
Главная страница » Есірткі ең қауіпті қатер

Есірткі ең қауіпті қатер


Жас адамның өмірлік көзқарасының қалыптасуына оның ортасы үлкен әсер етеді. Достары, қызығушылығы, бос уақытын өткізу тәсілі мен күнделікті әдеттері оның болашағына ықпал етуі мүмкін. Сондықтан жастарды есірткі сияқты зиянды әдеттерден қорғауда оларды пайдалы ортаға тартудың маңызы зор. Спорттық секциялар, шығармашылық үйірмелер, қоғамдық жобалар мен еріктілік жұмыстары жасөспірімнің уақытын тиімді өткізуіне мүмкіндік береді. Есірткі қылмысының алдын алу тек заңсыз заттарды анықтаумен шектелмеуі керек. Оның түпкі себептерін түсініп, жастардың дұрыс өмірлік бағдарын қалыптастыру да маңызды.
Ата-ана баласының кіммен араласатынын бақылаумен ғана шектелмей, оның қызығушылығына қолдау көрсеткені жөн. Сенім мен ашық әңгіме баланың қиын жағдайда дұрыс шешім қабылдауына көмектеседі. Жастарға дұрыс бағыт көрсетіп, пайдалы орта қалыптастыру арқылы біз есірткінің таралуына тосқауыл қоя аламыз. Өйткені қауіптің алдын алу – оның салдарымен күресуден әлдеқайда тиімді.

Құралбек СӘБИТОВ