Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / Есірткіге қарсы қоғам – жарқын болашақ кепілі

Есірткіге қарсы қоғам – жарқын болашақ кепілі

20 қаралым

Есірткі – адамның өмірі мен денсаулығына ғана емес, қоғамның болашағына да қауіп төндіретін үлкен мәселе. Балқаш ауданында жастар арасында есірткінің зиянын түсіндіру және оның таралуының алдын алу маңызды бағыттардың бірі болып табылады. Бұл күресте тек құқық қорғау органдары емес, ата-ана, ұстаз және қоғам болып жұмылу қажет. Жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, спорт пен шығармашылыққа тарту – алдын алудың тиімді жолы. Әрбір азамат күдікті әрекеттерге бейжай қарамай, заң талаптарын сақтауға тиіс. Есірткісіз орта – дені сау ұрпақтың кепілі. Сондықтан зиянды әдеттерге қарсы күрес баршамызға ортақ міндет.

Алтынай СЕЙІТКЕН