Перейти к содержимому
Главная страница » Есірткіге қарсы сана қатерден қорғайды

Есірткіге қарсы сана қатерден қорғайды

     Есірткі қылмысына қарсы күресте тек заңсыз айналымды анықтау жеткіліксіз. Оның алдын алу үшін қоғамда есірткіге деген теріс көзқарасты қалыптастыру маңызды. Жасөспірімдер мен жастардың есірткі туралы шынайы ақпарат алуы олардың қауіптен аулақ болуына ықпал етеді. Есірткінің денсаулыққа, болашаққа және адамның әлеуметтік ортасына тигізетін зияны нақты түсіндірілуі керек.

       Кейбір жастар жеңіл ақша табудың жолын іздеп, есірткі таратуға қатысты заңсыз ұсыныстарға тап болуы мүмкін. Алайда мұндай әрекеттің қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін түсіну қажет. Ата-ананың баламен ашық сөйлесуі, оның қызығушылығы мен ортасына назар аударуы да профилактиканың маңызды бөлігі. Сенімге негізделген қарым-қатынас көптеген қатердің алдын алады.

      Есірткісіз қоғам құру – ұзақ мерзімді жұмысты талап етеді. Бұл бағытта отбасы, мектеп, мемлекеттік органдар және бүкіл қоғам бірлесе әрекет еткенде ғана нәтижелі жұмыс қалыптасады.

Құралбек СӘБИТОВ