Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / Халықпен бірге, халық үшін: Алатау Мансап орталығының игі бастамасы

Халықпен бірге, халық үшін: Алатау Мансап орталығының игі бастамасы

49 қаралым

Бүгін, 23 тамыз Құрылтай сайлауы күні Алатау қаласындағы №377 сайлау учаскесінде халықты жұмыспен қамтуға бағытталған маңызды іс-шара өтті.

Іс-шара аясында Алатау қаласының Мансап орталығы тұрғындарға еңбек нарығындағы мүмкіндіктерді таныстырып, бос жұмыс орындары жәрмеңкесін ұйымдастырды. Жәрмеңкеге бірқатар жұмыс берушілер қатысып, өздеріндегі бос жұмыс орындарын ұсынып, жұмыс іздеушілерге еңбек жағдайлары, талаптар мен жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы ақпарат берді.

Мұндай кездесулердің басты мақсаты – жұмыс іздеушілер мен жұмыс берушілерді тікелей байланыстырып, азаматтардың тұрақты жұмыспен қамтылуына ықпал ету. Сонымен қатар тұрғындарға жұмысқа орналасу, кәсіби бағыт-бағдар алу және еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар жөнінде кеңес берілді.

Алатау қаласының Мансап орталығы халыққа көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігін арттырып, тұрғындардың жұмыспен қамтылуына жан-жақты қолдау көрсетуді жалғастыра береді.

Тұрақты жұмыс – жарқын болашақтың негізі!

Халықпен бірге, халық үшін қызмет етеміз!