Цифрлық технологиялардың дамуы өмірімізді жеңілдеткенімен, интернет-алаяқтардың әрекеті де көбейіп келеді. Олар өздерін банк қызметкері, мемлекеттік орган өкілі немесе интернет-дүкеннің сатушысы ретінде таныстырып, азаматтардың ақшасын алдап иеленуге тырысады.
Алаяқтардың тағы бір тәсілі – қаржылық пирамидалар. Олар қысқа мерзімде жоғары табыс табуға уәде беріп, адамдарды қаржы салуға үгіттейді. Мұндай ұсыныстардың соңы көбіне үлкен материалдық шығынмен аяқталады.
Өзіңіздің жеке деректеріңізді, банк картасының мәліметтері мен SMS арқылы келген кодтарды ешкімге бермеңіз. Күмәнді сілтемелерге өтпеу және белгісіз адамдардың ұсыныстарына сенбеу – қауіпсіздіктің басты қағидалары.
Қаржылық сауаттылық пен сақтық интернет кеңістігіндегі алаяқтардың құрбаны болмаудың ең тиімді жолы.
Тоғжан ЖОЛДЫҒАЛИ

