Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / Қауіпсіз қоғам көшеден ғана емес, әр адамның әрекетінен құралады

Қауіпсіз қоғам көшеден ғана емес, әр адамның әрекетінен құралады

21 қаралым

Қауіпсіздік дегенде көбіне полиция қызметкерін, патрульдік көлікті немесе камераларды елестетеміз. Алайда шын мәнінде қауіпсіз орта тек құқық қорғау органдарының жұмысына байланысты емес. Ол – көшеде тәртіп сақтаған жүргізушіден, күмәнді қоңырауға сенбеген азаматтан, отбасындағы зорлыққа көз жұмбаған көршіден, баласының ортасына мән берген ата-анадан басталады.

Бүгінде Қазақстанда құқықбұзушылықтың алдын алуға ерекше мән беріліп отыр. 2026 жылғы 2 наурыздан бастап «Құқықбұзушылықтардың профилактикасы туралы» заң күшіне еніп, алдын алу жұмыстарының жүйесін жетілдіруге, құқықбұзушылыққа алып келетін себептер мен жағдайларды анықтап, жоюға бағытталды.

Тоғжан ЖОЛДЫҒАЛИ