Жол қозғалысы қауіпсіздігі – барлық жүргізуші мен жаяу жүргіншінің ортақ жауапкершілігі. Жол ережесін сақтау арқылы көптеген қайғылы оқиғалардың алдын алуға болады.
Жүргізушілер жылдамдықты асырмай, қауіпсіз арақашықтықты сақтап, көлік жүргізу кезінде телефон пайдаланудан бас тартуы қажет. Ал жаяу жүргіншілер арнайы өткелдерден өтіп, бағдаршам белгілеріне бағынуы тиіс.
Балалардың жолдағы қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлінуі керек. Ата-аналар оларға жол ережесін кішкентайынан үйретіп, қауіпсіз жүріп-тұру мәдениетін қалыптастырғаны жөн.
Жолдағы әрбір дұрыс әрекет адам өмірін сақтап қалуы мүмкін. Сондықтан жол қозғалысы ережелерін сақтау – заң талабы ғана емес, азаматтық мәдениеттің көрсеткіші.
Тоғжан ЖОЛДЫҒАЛИ

