Перейти к содержимому
Главная страница » Қауіпсіздікке бейжай қарауға болмайды

Қауіпсіздікке бейжай қарауға болмайды

      Қоғамдық қауіпсіздікке қатысты мәселелерде азаматтардың қырағылығы ерекше маңызға ие. Кейбір құқық бұзушылықтардың алдын алуға тұрғындардың дер кезінде берген ақпараты себеп болып жатады. Ауладағы, көшедегі немесе қоғамдық орындардағы күмәнді жағдайларға көз жұма қарау дұрыс емес. Қауіп төндіретін әрекетті байқап, тиісті қызметтерге хабарлау арқылы әр азамат қоғамдық тәртіпті сақтауға үлес қоса алады. Сонымен қатар жалған ақпарат таратпау да қауіпсіздік мәдениетінің бір бөлігі. Әлеуметтік желідегі кез келген мәліметке сене бермей, оның ресми дереккөздер арқылы нақтылануына мән берген жөн. Құқық қорғау органдары мен тұрғындар арасындағы өзара сенім осындай мәселелерді шешуде маңызды рөл атқарады. Халықтың ұсынысы мен ескертуі ескерілген жерде қауіпсіздік шаралары да тиімді жүзеге асады.

       Қоғамдық тыныштық – баршаға ортақ құндылық. Оны сақтау үшін үлкен ерлік емес, ең алдымен жауапкершілік пен қырағылық қажет.

Құралбек СӘБИТОВ