Еліміздің жарқын болашағы әрбір азаматтың белсенді ұстанымы мен саналы таңдауына тікелей байланысты. Сондықтан қоғамдық-саяси өмірдегі маңызды оқиғаларға жауапкершілікпен қарау – баршамыздың ортақ міндетіміз.
Алдағы Құрылтай депутаттарын сайлау – елдің даму бағытын айқындайтын, маңызды саяси науқан. Бұл – әр азаматтың өз пікірін білдіріп, мемлекетіміздің келешегіне үлес қосуына берілген мүмкіндік.
Сайлауға қатысу – азаматтық жауапкершіліктің және ел тағдырына бейжай қарамайтын ұстанымның айқын көрінісі. Әрбір берілген дауыс қоғамдағы оң өзгерістерге негіз болып, әділетті әрі тұрақты Қазақстанды қалыптастыруға ықпал етеді.
Осыған орай, барша тұрғындарды алдағы сайлауға белсенді қатысып, өз таңдауларын жасауға шақырамын. Бүгінгі қабылданған шешімдеріміз – ертеңгі ұрпақтың болашағы мен еліміздің өркендеуінің берік негізі.
Жасұлан ДӘУІРХАН,
Қарасай батыр атындағы орта мектептің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

