Перейти к содержимому

Конституция – ел бірлігінің негізі

24 қаралым

Кез келген мемлекеттің беріктігі оның заңдарына және азаматтарының сол заңдарға деген құрметіне байланысты. Жаңа Конституция қоғамдағы татулықты, тұрақтылықты және азаматтық келісімді нығайтуға бағытталған маңызды құжат. Ата Заң барша азаматқа ортақ құқықтық кеңістік қалыптастырады. Ұлтына, тіліне және әлеуметтік жағдайына қарамастан, әр азамат заң алдында тең болуы – әділетті қоғамның басты қағидаты. Конституциялық нормаларды сақтау ел ішіндегі бірлік пен өзара түсіністікті күшейтеді. Татулық пен заңға құрмет қатар жүрген жерде қоғамның дамуы да тұрақты болады. Сондықтан Конституция – ел бірлігінің берік тұғыры.

Қуат ҚАЙРАНБАЕВ