Перейти к содержимому

Қызығушылықтан басталады

30 қаралым

Кейде есірткіні қолдану жай ғана қызығушылықтан басталады. Бірақ сол бір қадам адамның бүкіл өмірін өзгертіп жіберуі мүмкін. Тәуелділік адамның денсаулығына, психологиялық жағдайына және жақындарымен қарым-қатынасына әсер етеді. Сондықтан күмәнді ұсынысқа бірден «жоқ» деп айту маңызды. Өзіңнің өмірің мен болашағыңды қорғау – ең басты міндет. Дұрыс таңдау әрқашан қауіптен алыстатады.

Алтынай СЕЙІТКЕН