Балалар кейде қатарластарының ықпалына түсіп, өздері қаламайтын әрекеттерге келісуі мүмкін. Бұл әсіресе зиянды әдеттерге немесе қауіпті ұсыныстарға қатысты маңызды мәселе. Сондықтан баланы тек ережелерді орындауға емес, өз ұстанымын қорғай білуге де үйреткен жөн.
Ата-ана баласына кез келген ұсынысты қабылдауға міндетті емес екенін түсіндіруі керек. Қауіпті немесе күмәнді әрекетке қатысудан бас тарту әлсіздік емес, керісінше жауапкершіліктің белгісі. Бала қиын жағдайға тап болғанда үлкендерден көмек сұрай алатынын білуі қажет.
Мектепте де құқықтық сауаттылық пен зиянды әдеттердің алдын алу тақырыптарын өмірлік мысалдармен түсіндіру маңызды. Жастардың дұрыс шешім қабылдауына мүмкіндік беретін орта қалыптастыру – ортақ міндет.
Өз таңдауын қорғай алатын бала қауіп-қатерге қарсы тұруға да бір қадам жақындайды.
ЕРЗАТ АСЫЛ

