Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / МАРАТ БЕРДІҚҰЛОВ: «ЕЛДІҢ БОЛАШАҒЫ ӘР АЗАМАТТЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІНЕН БАСТАЛАДЫ»

МАРАТ БЕРДІҚҰЛОВ: «ЕЛДІҢ БОЛАШАҒЫ ӘР АЗАМАТТЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІНЕН БАСТАЛАДЫ»

35 қаралым

Мәдениет қайраткері Талғар ауданында Құрылтайға қатысты өз таңдауын жасады
Бүгін Талғар ауданында Құрылтайға қатысты дауыс беру өтіп, мәдениет қайраткері Марат Бердіқұлов сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауын жасады.
Дауыс бергеннен кейін Марат Бердіқұлов азаматтың қоғамдық өмірге белсенді араласуы елдің болашағына деген жауапкершіліктің бір көрінісі екенін атап өтті.
«Елдің болашағы әр азаматтың жауапкершілігі мен белсенділігінен басталады. Қоғамдық маңызы бар мәселелерге бейжай қарамай, өз құқығымызды пайдаланып, азаматтық ұстанымымызды білдіру маңызды. Әр адамның таңдауы – ел өміріне қосқан өзіндік үлесі», – деді Марат Бердіқұлов.
Мәдениет қайраткері Құрылтайдың қоғамдағы маңызды мәселелерді талқылап, ортақ пікір қалыптастырудағы рөліне де тоқталды.
«Құрылтай – қоғамның ой-пікірі тоғысатын орта. Мұнда елді толғандырған мәселелер айтылып, түрлі көзқарастар ортаға салынады. Осындай пікір алмасу арқылы қоғам үшін маңызды бағыттарды айқындауға болады», – деді ол.