Перейти к содержимому
Главная страница » Отбасы – қауіпсіздік мекені

Отбасы – қауіпсіздік мекені

     Отбасының берекесі тек материалдық жағдаймен өлшенбейді. Шаңырақтағы өзара құрмет, сенім және жауапкершілік оның берік болуының басты негіздері саналады. Баланың мінез-құлқы мен дүниетанымы да отбасындағы қарым-қатынастан қалыптасады. Үйде үнемі жанжал мен дөрекілік орын алса, оның бала психологиясына кері әсер етуі мүмкін. Сондықтан ата-ана баланың көзінше мәселені күш қолдану немесе қорқыту арқылы шешуден аулақ болуы қажет. Келіспеушілікті сабырмен талқылау – отбасы мәдениетінің маңызды белгісі.

      Қоғамда зорлық-зомбылықтың алдын алу тек құқықтық шаралармен шектелмеуі тиіс. Отбасылық құндылықтарды дәріптеу, ата-аналардың жауапкершілігін арттыру және балалардың құқықтарын түсіндіру де маңызды. Берекелі отбасы – тұрақты қоғамның тірегі. Әр шаңырақта сыйластық пен қауіпсіздік орныққан сайын қоғамдағы сенім де нығая түседі.

Құралбек СӘБИТОВ