Перейти к содержимому
Главная страница » Патриотизмді дәріптеуге үлес қосамыз

Патриотизмді дәріптеуге үлес қосамыз

Алда Құрылтай сайлауы өтпек. Бұған дейін Құрылтай – елдің болашағына бағыт-бағдар беретін маңызды басқосу, жиын болса, ендігі жерде еліміздің заңдары қабылданатын басты алаңға айналмақ. Спортшы ретінде алдағы Құрылтайда жастарды қолдау, салауатты өмір салтын насихаттау, бұқаралық және кәсіби спортты дамыту мәселелерінің көтерілуі біз үшін өте маңызды. Мемлекет тарапынан спорт саласына көрсетіліп жатқан қолдау жаңа жетістіктерге жетуге ынталандырады.
Біз, спортшылар, тек жарыстарда ел намысын қорғап қана қоймай, жастарға үлгі болып, еңбекқорлық, тәртіп және патриотизм құндылықтарын дәріптеуге үлес қосамыз. Сондықтан Құрылтайда қабылданған заңдар еліміздің дамуына, өскелең ұрпақтың жарқын болашағына және спорттың өркендеуіне оң әсерін тигізеді деп сенемін.


Нұрсұлтан НҰРСЕЙТОВ,
спорт шеберіне үміткер, самбодан Әлем кубогының чемпионы
Алматы облысы