Алкогольді шамадан тыс тұтыну адамның денсаулығына және отбасындағы қарым-қатынасқа кері әсер етеді. Кей жағдайда ішімдік қоғамдық тәртіптің бұзылуына және тұрмыстық жанжалдардың туындауына себеп болуы мүмкін. Сондықтан салауатты өмір салтын насихаттау маңызды бағыттардың бірі саналады. Бос уақытты спортпен, мәдени шаралармен және отбасылық демалыспен өткізу пайдалы. Әр адам өз денсаулығы мен жақындарының тыныштығына жауапты екенін түсінуі қажет. Ішімдікке тәуелділіктің алдын алу үшін қажет болған жағдайда мамандардың көмегіне жүгінген дұрыс. Берекелі отбасы – дені сау қоғамның негізі.
Ерзат АСЫЛ
