Перейти к содержимому

Саналы азаматтық таңдау

36 қаралым

Сағат 07:00-де бүкіл ел бойынша сайлау учаскелері ашылып, Құрылтайға дауыс беру ресми түрде іске қосылды. Облыс тұрғындары да таңсәріден жоғары белсенділік танытып, көтеріңкі көңіл-күймен сайлау учаскелеріне келіп жатыр.

Қонаев қаласындағы №946 сайлау учаскесінде байқаушы Жанар Жапабаева комиссия өз жұмысын заңнамаға толық сәйкес жүргізгенін, әрбір кезеңнің бақыланып отырғанын және учаске ашылғаннан бастап дауыс беруге келгендердің кезегі көп болғанын растады. Бірінші келгендерге естелік сыйлықтар беріліп, алғаш рет дауыс берушілерге ерекше көңіл бөлінген.

«Біз бүгін куә болып отырған Құрылтай сайлауы Қазақстанның азаматтық қоғамының есейгенін көрсетті. Дауыс беруге ерекше белсенділікпен қатысу, учаскелердегі тәртіп және тыңғылықты дайындалған тәуелсіз бақылаушылармен қамтамасыз ету – азаматтардың дауыс беруді жеке жауапкершілік пен саналы азаматтық таңдау ретінде қабылдағанын дәлелдеді», – деді ол.

Ерзат АСЫЛ
Қонаев қаласы