Отбасылық қарым-қатынастың негізі – сенім мен сыйластық. Әр адамның пікірі мен жеке шекарасы құрметтелуі тиіс. Келіспеушілік кез келген отбасында болуы мүмкін, бірақ оны күш қолданумен шешуге болмайды. Сабырлы әңгіме мен өзара түсіністік жанжалдың алдын алады. Балалар да ата-анасының қарым-қатынасынан тәрбие алады. Сондықтан сыйластыққа құрылған отбасы – бақытты ұрпақтың бастауы.
Тоғжан ЖОЛДЫҒАЛИ