Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / Танымал актер Садырбаев Жандарбек Алайдарович ел болашағына қатысты өз таңдауын жасады

Танымал актер Садырбаев Жандарбек Алайдарович ел болашағына қатысты өз таңдауын жасады

62 қаралым

Ащыбұлақ ауылдық округінде 405 сайлау учаскесінде Құрылтай күніне орай елге танымал актер, театр және кино саласының өкілі Садырбаев Жандарбек Алайдарович өз таңдауын жасады.

Жандарбек Садырбаев отандық көрерменге «Қыздың жолы», «Ғашықпын саған», «Әке», «Аяулы арман», «Возмездие. Жаза» сынды телехикаялар мен «7 причин влюбиться», «Малай», «Алишка», «Последняя надежда», «Шлагбаум», «Salem», «Оттегі» секілді фильмдердегі рөлдері арқылы жақсы таныс.

Өнер иесі үшін ел өміріндегі маңызды күндерге қатысып, азаматтық ұстанымын білдіру – үлкен жауапкершілік.

«Мен үшін туған жердің тыныштығы мен елдің болашағы әрдайым маңызды. Бүгін Ащыбұлақ ауылдық округінде сайлау учаскемде, өз азаматтық таңдауымды жасадым. Әр адамның дауысы – елдің ертеңіне деген көзқарасы. Сондықтан осындай маңызды сәтте елмен бірге болып, өз таңдауымды білдіруді азаматтық парызым деп санаймын», – деді кино актеры. Актердің айтуынша, елдің дамуы мен ауыл-аймақтың өркендеуі халықтың белсенділігі мен ортақ жауапкершіліктен басталады.
Өнері арқылы елге ой салған Жандарбек Алайдарович бұл жолы өз таңдауымен азаматтық белсенділіктің үлгісін көрсетті.