Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / Танымал тележүргізуші Құрылтай сайлауында дауыс берді

Танымал тележүргізуші Құрылтай сайлауында дауыс берді

42 қаралым

Белгілі тележүргізуші Қазбек Қасым 23 тамызда Құрылтай сайлауы күні Алматы облысының Қарасай ауданындағы сайлау учаскесіне барып, өз таңдауын жасады.

Күнделікті көрерменмен телеэкран арқылы жүздесетін тележүргізуші бұл жолы камера алдында емес, ел өміріндегі маңызды оқиғадан шет қалмаған азамат ретінде сайлау учаскесінде болды.

Қазбек Қасымның дауыс беруге қатысуы азаматтық белсенділік пен жауапкершіліктің маңызын көрсетуге бағытталды. Ол әр адамның өзіндік ұстанымы болуы және ел болашағына қатысты шешімдерге қатысуы маңызды екенін атап өтті.

Сондай-ақ жастардың азаматтық белсенділік танытуы ерекше маңызға ие. Өйткені Қазақстанның ертеңгі келбетін қалыптастыруда жас буынның үлесі зор.

Бүгінгі таңдау – ертеңгі күнге қосылған үлес. Әр дауыс маңызды.

Дәстүрлі әншілер дауыс берді

Қонаев қаласында Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртістері, «Құрмет» орденінің иегерлері, дәстүрлі әншілер Қанат, Айткүл Құдайбергеновтер дауыс берді.

«Бүгін – еліміз үшін айтулы күн. Біз азаматтық парызымызды өтеп, еліміз бен жеріміздің жарқын болашағы үшін дауыс бердік. Алдағы Құрылтайға сайланатын депутаттардан күтер үмітіміз зор. Елімізде орын алып жатқан игі істердің барлығы келешек ұрпақ қамы үшін екені белгілі,  сондықтан  барлық азаматтарымызды саяси науқаннан шет қалмауға және еліміз үшін маңызы зор сайлауға қатысуға шақырамыз», – деді өнер иелері.

Олар сайлауға қатысу арқылы азаматтық белсенділіктің маңызын көрсетіп, ел болашағына қатысты маңызды шешімдерден шет қалмау қажеттігін жеткізді.